Өркениет

"Жалаңаштанғанның бәрі жаман емес": Роза Рымбаева болашақ келіні туралы айтты

  • "Жалаңаштанғанның бәрі жаман емес": Роза Рымбаева болашақ келіні туралы айтты

 Роза Рымбаева ұлдары жалаңаштанып жүретін қалыңдық алып келемін десе, оларды кеудесінен итермей тәрбиелейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі Тalklike бағдарламасына сілтеме жасап.


Әнші ұлдарының жақсы, парасатты, білімді, ақылды жар таңдайтынына сенімді. Арасында әңгіме-дүкен құрған кезде де болашақ келіншектері жайлы айтқанда талғамдары жоғары екенін байқайды екен өнер иесі. «Тең теңімен, тезек қабымен» деген ұстанымдағы ұлдары да өздері сияқты еңбекқор жар кездескенін қалайтын көрінеді.


«Менің балаларым ондай қыздарды таңдайды деп ойламаймын. Мен Әлимен ақылдасқан кезімде «Ол адам маған қызық болуы керек. Мен қандай деңгейде еңбек етіп жүрсем, оның да өзінің қызықты дүниесі болғаны дұрыс, ол меннен мен одан үйренуім керек» деп айтқан еді. Бірақ олқылықтар мен артықшылықтарды мен ғана емес ұлдарым да көретін шығар», - деп үміт арттып, ұлдарына сенім білдірді.


Дегенмен, егер таңдаған адамдары көңілінен шықпаса, ұлдары жалаңаштанып жүретін қалыңдық алып келемін десе, тәрбие беріп, дұрыс жолға сілтейтінін жасырмады. Жалаңаштанғанның бәрі жаман емес дейді халық әртісі.


«Егер сахнада немесе өмірде жалаңаштанып жүрген қызды алып келіп тұрса, олардың бәрін жаман адам деп айтуға болмайды. Біраз тәрбиелеу керек, үйрету керек, білгенінен білмегені көп қой. Бәріміз жас болдық. Мен Тасқынға тұрмысқа шыққанымда, жұмыртқа қуырудан басқа ештеңе білмейтінмін. Солардың бәрін үйрендім», - дейді Роза Рымбаева.


Stan.kz




Көрілген: 1088    Пікірлер: 0

жұма, 26.04.2019, 11:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31