Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Жалғыз қызым бар": Есен Елеукен алғаш рет жанұясы жайлы айтты

06 сәуір 2019, 12:24

"Қазақстан КВН одағының" төрағасы Есен Елеукен алғаш рет отбасы жайлы айтып берді. Көп балалы отбасында тәрбиеленген танымал тұлға өзінің жалғыз қызы бар екенін де жасырмады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тапқырлар сайысының жүргізушісі 11 ағайынды. Оның анасы бүгінгі таңда қырыққа жуық немере мен шөбере сүйіп отыр.

"Анам Ақтөбе облысы Шалқар қаласында үлкен ағамның қолында тұрады. 11 ағайындымыз. Ең үлкен ағам мен әпкем қайтыс болды. Анамның 40-қа жуық немересі мен шөбересі бар, үлкен әулетпіз", - дейді Есен Елеукен.
Ал КВН одағы төрағасының өзі бір қыз тәрбиелеп отырғанын жеткізді."Жалғыз қызым бар. Бұрынғы қазақ-түрік лицейі, қазіргі "Білім инновация" мектебінің 7-сыныбында оқиды. Уақытым аз, оны мойындаймын. Бірақ қызымды қатты еркелетпеймін, ақылымды айтып тұрамын.
Жұрттың баласы сияқты автобуспен мектебіне барады. Қызым қазақша біледі, сөйлейді, ойлайды. Соған қуанамын", - деп ағынан жарылды Елеукен.