Өркениет

"Жалғыз қызым бар": Есен Елеукен алғаш рет жанұясы жайлы айтты

  • "Жалғыз қызым бар": Есен Елеукен алғаш рет жанұясы жайлы айтты

"Қазақстан КВН одағының" төрағасы Есен Елеукен алғаш рет отбасы жайлы айтып берді. Көп балалы отбасында тәрбиеленген танымал тұлға өзінің жалғыз қызы бар екенін де жасырмады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тапқырлар сайысының жүргізушісі 11 ағайынды. Оның анасы бүгінгі таңда қырыққа жуық немере мен шөбере сүйіп отыр.


"Анам Ақтөбе облысы Шалқар қаласында үлкен ағамның қолында тұрады. 11 ағайындымыз. Ең үлкен ағам мен әпкем қайтыс болды. Анамның 40-қа жуық немересі мен шөбересі бар, үлкен әулетпіз", - дейді Есен Елеукен.

Ал КВН одағы төрағасының өзі бір қыз тәрбиелеп отырғанын жеткізді."Жалғыз қызым бар. Бұрынғы қазақ-түрік лицейі, қазіргі "Білім инновация" мектебінің 7-сыныбында оқиды. Уақытым аз, оны мойындаймын. Бірақ қызымды қатты еркелетпеймін, ақылымды айтып тұрамын.

Жұрттың баласы сияқты автобуспен мектебіне барады. Қызым қазақша біледі, сөйлейді, ойлайды. Соған қуанамын", - деп ағынан жарылды Елеукен. 




Көрілген: 941    Пікірлер: 0

сенбі, 06.04.2019, 12:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31