Өркениет

Жамбылдың 175 жылдығының Тәуелсіздік мерейтойымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні зор – Дәурен Абаев

  • Жамбылдың 175 жылдығының Тәуелсіздік мерейтойымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні зор – Дәурен Абаев

    Жамбылдың 175 жылдығының Тәуелсіздік мерейтойымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні зор – Дәурен Абаев

Әулиеата өңірі – көптеген ғұлама ғалымдар мен қаһарман батырлардың, атақты ақын-жыраулар мен қарымды қаламгерлердің құт мекені. Бұл туралы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін тарихымыздың алтын бесігі саналатын көне Тараз қаласында бас қосуымыздың терең мәні бар. Бұл өлке – мыңжылдықтардың құрдасы, Қазақ хандығы құрылуының куәсі. Әулиеата өңірі – көптеген ғұлама ғалымдар мен қаһарман батырлардың, атақты ақын-жыраулар мен қарымды қаламгерлердің құт мекені. Солардың бірі, ең танымалы - Жамбыл тауының етегіндегі Мойынқұмда дүниеге келген ұлы Жамбыл Жабаев. Бүгінде елімізде оның 175 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде аталып өтіп жатыр», - деді Дәурен Абаев. Осы ретте ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ұлы ақынның мерейтойын ұйымдастыру үшін арнаулы мемлекеттік комиссия құрылғанын еске салып өтті. «Бұл айтулы датаның былтырғы Абай жылымен сабақтасып, биылғы Тәуелсіздік мерейтойымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні зор. Себебі қазақтың қос ұлы ақынының да асқақ арманы – жұртының дербестігі мен өсіп-өркендеуі еді. Олар осы ізгі тілекті өлеңіне өзек, шығармашылығына арқау етті. Біз бүгін абыздарымызға арман болған азаттықтың айшықты белесіне шығып, бабалар мирасын дәріптеп отырмыз. Байыптап қарағанға бұл – тарихи сәт. Сондықтан да осынау маңызды іс-шараның ұлыақынның атымен аталатыноблыста өткізілуі заңдылық деп санаймын», - деді ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
ҚазАқпарат




Көрілген: 819    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 14:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31