Өркениет

"Жан жылап, өкпе-бауыр езіліп, қабырға сөгілді": Бекжан Тұрыс Иманғалиұлының қазасы жайлы

  • "Жан жылап, өкпе-бауыр езіліп, қабырға сөгілді": Бекжан Тұрыс Иманғалиұлының қазасы жайлы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі театр және кино актері Бекжан Тұрыс жақында ғана өмірден өткен тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлы туралы әсерлі жазба арнады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы актер Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. "Иісі қазақ атына қанық, бейнелеп айтсақ, бесіктегі бала мен белі бүгілген шалға дейін есімін елі жақсы білетін, күйкі тірлік кешіп, желді күнгі туырлықтай желпілдеп өсек тасып, сұмдық ойлап сұмырай тілек саумаған, жақсы көрген адамына жанын суырып беруге әзір тұратын. Сыйласа құлай сыйлайтын. Нені айтса да өзегінен жалын бүркіп айтатын, мұңының астарына парасат ұялаған Нұртілеу ағаны ел-жұрты мәңгілік сапарына шығарып салды. Жан жылап, өкпе-бауыр езіліп, қабырға сөгілді. Алланың маңдайына жазған кесімді мерзімін "бай-қуатты болайық" деген ұстанымын алтын баулы, ақ бұраулы қазығына байлап, әр қазақтың асығы алшысынан түсуін шын жүректен тіледі!

Саналы ғұмырын тележурналистикаға арнап, алуан тақырыптарды қамтыған еңбектері жүрекке жетті, жұртының құрметіне бөленді. Күндердің төресі &ndash қасиетті жұмада жамбасыңыз жерге тиді. Алла панасына алсын, ұзақ сапарыңыз ұлағатты болсын, аяулы аға! Тек жұма күндері жақсы тілекке толы хабарламаларыңызды Уатсап арқылы маған жиі жіберуші едіңіз. Өзіме деген шынайы ықыласыңызды сол хабарламалардан сезіне алғаныммен інілік құрметімді көрсете алдым ба... Ал анығы &ndash қамшының сабындай қысқа ғұмырыңызда көңіліңізді ешқашан қалдырмағам және жаныма аз да болсын осы жұбаныш, аға! Ендігі жерде тарих &ndashсіздің таусылмас ғұмырыңыз, жығылмас тұғырыңыз. Артыңызда қалған амандос еліңіз, дос-жараныңыз бен ұрпағыңыз аман болғай!" - деді Бекжан Тұрыс. 




Көрілген: 3277    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 13:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30