Өркениет

ЖАНАР АЙЖАНОВА ЖАС КЕЛІНДЕРГЕ АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУ КЕРЕКТІГІН АЙТТЫ

  • ЖАНАР АЙЖАНОВА ЖАС КЕЛІНДЕРГЕ АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУ КЕРЕКТІГІН АЙТТЫ

    ЖАНАР АЙЖАНОВА ЖАС КЕЛІНДЕРГЕ АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУ КЕРЕКТІГІН АЙТТЫ

Соңғы кезде отбасы, ошақ қасы мәселелерін жиі қозғап жүрген Жанар Айжанова желідегі парақшасында жас келіндерге ақшаны қалай үнемдеу керектігі туралы жазды.


«Сіз келін мен баланың ақшасына араласасыз ба? Көбіне отбасында сол үшін де соғыс болып жатады. Жасыратыны жоқ қазір жастар табыстарын өздері ұстайды. Бірақ көбісі не болса соған ретсіз жұмсап, бекерге ақшаларын құртып жатады. Дайын асхананың тамақтарын алып жейді болмаса, тапсырыс беріп бірдеңелер ала салады. Міне осы кезде өмірден жиған- тергені бар ененің жастарға ақылы ауадай қажет. Бұл жағдайда жас келін енеге міндетті түрде құлақ түргені дұрыс. Мысалы ақшасы бар бірақ, тамақ істеу үшін күнде штуктап окорачка алып жүрген келінге енесі 10-15 келіден ет алып, содан түрлі тамақ істеуді үйретсе қандай керемет. Бір жағынан эконом әрі табиғи үйдің таза тамағын жейсің. Қалған ақшаны үй ,көлік алуға немесе өз балаларының болашақ оқу, жүріп тұруына тиындап жинауды үйретер еді. Олар ойлайды баламыз жас, өсем дегенше ақша жинап үлгереміз деп. Ол дұрыс емес. Аналарымыз айтып кеткен " алты жастан жинасаң асар, жеті жастан жинасаң жетіп жығылар" деп. Қазір баяғыдай кететін қызға деп сандық толтырып дүние жинамайды. Ақшаң болса дүкенде, базарда бәрі бар. Сондықтан жас отбасы табыстарының 10% ерінбей жинап отырғаны дұрыс деп ойлаймын. Ене әр нәрсені ушықтырмай дер кезінде түсіндіріп айтып, шешуін тауып отырса отбасының берекесі нығая берер еді. Мен келін түсірмесем де жан-жағымдағы бауырларымның келін балалары түгел қанатымның астында деп айтар едім. Соларға білгенімді үйретіп жүріп, енелеріндей болып кеттім. Талай даудың басын қайтарып, ынтымақтарын сақтап қалуға үлесімді қостым. Құр айқай-төбелеспен ештеңе де бітпейді. Бір шаңырақтағы екі әйелдің ауызбіршілігі арта берсін. Ұйытқы мықты болса - айран ірімейді»-дейді әнші.



Дереккөз: Reactor




Көрілген: 707    Пікірлер: 0

жұма, 16.08.2019, 14:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30