Өркениет

Жанар Хамитованың бұрынғы күйеуі балаларын алып келуге уәде берді

  • Жанар Хамитованың бұрынғы күйеуі балаларын алып келуге уәде берді

    Жанар Хамитованың бұрынғы күйеуі балаларын алып келуге уәде берді

Бүгін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында жақындары мен достары Жанар Хамитованы ақтық сапарға шығарып салып жатыр. Туыстарының айтуынша, жерлеу рәсіміне әншінің экс-күйеуі мен балалары келмеген.

Алайда ол міндетті түрде жерлеуден кейін балаларды әншінің туған жеріне алып келуге уәде еткен, деп хабарлайды Stan.kz.


Жанар Хамитованы ақтық сапарға шығарып салуға бұрынғы күйеуі мен балалары келмеді. Десе де,  күйеуі балаларды жерлеуден кейін алып келуге уәде еткен. Дәл қазір олар Алматы қаласында.


Осы уақытқа дейін әнші «Время» басылымына берген сұхбатында екі баласын алып қалған жұбайының түрік емес, қазақ азаматы екенін айтқан болатын.


«Иә, менің күйеуім бақуатты отбасынан шыққан. Бірақ түрік емес, қазақ. Оның ата-анасы алматылық. Атасы Әбубәкір Қасымханов Қонаевтың кезінде еңбек министрі қызметінде болған. Дінмұхаммед Қонаевтың өзі менің күйеуімнің басынан сипап, тәтті сыйлаған. Оның үш жоғары білімі бар», - деді марқұм әнші ол туралы.


Сондай-ақ, әншіні ажырасқаннан кейін балаларының күйеуінің қолында қалғанын айтты. Тұңғышы биыл бірінші сыныпқа барғалы отыр.


Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 18 қыркүйек күні, Қарқаралы ауданында халықтың Жанар Хамитованы ақтық сапарға шығарып салып жатқаны туралы хабарлаған едік.

 


Stan.kz.




Көрілген: 5167    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 18:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31