Өркениет

Жанаргүл Жаныаманова: Дариға Бадықова продюсерлерге "Рүстем мүлде рөлде ойнай алмайды" деп айтқан екен

  • Жанаргүл Жаныаманова: Дариға Бадықова продюсерлерге

    Жанаргүл Жаныаманова: Дариға Бадықова продюсерлерге "Рүстем мүлде рөлде ойнай алмайды" деп айтқан екен

Рүстем Жаныамановтың жары Жанаргүл Жаныаманова отбасындағы, өнердегі жаңалықтарын бөлісті. Актриса актер екеуі бірге көрген қуаныштары мен қиындықтарын атап өтті. Рүстемнің қандай актер, қандай әке екенін айтты.

Бұл туралы “Жұлдыздың жары” бағдарламасында айтылды. 

 Актер Рүстем Жаныамановтың жары Жанаргүл Жаныаманова еш жерде айтпаған сырларын айтты. Актриса жұбайымен таныстығы, қыз-жігіт болып араласқан кезі мен қазіргі ерлі-зайыптылық өмірін айтты. 

“Біз өнер академиясында таныстық. Мен 1-курсқа келгенде ол үшінші курста оқып жүретін. Мені көргеннен бастап ұнатып қалыпты. Тіпті менің сұрауымсыз, рұқсатымсыз үйленіп кеттік десем де болады. Екеуміз бірге қойылымдарда ойнадық. Бірде кішігірім үзінді қойдық. Маған “үйленсек қайтеді?” деп қалжыңдап жүрді. Бір күні мейрамхана іздеп жүргенін айтты. Мен оны әзілдеп жүр екен дедім. Анамды шақырып өз анасымен таныстырған екен. Мен оның бәрін кейін білдім”, – дейді актриса. 

Жанаргүл ханым оқуын аяқтап, театр актрисасы болуы жоспарлап жүрген шағында ойда-жоқта келін атанғанын айтады. Алайда оның ешбіріне өкінбейді. 

“Мен мансап қуамын деп ойладым. Бірақ олай болмады. Ата-аналар танысып қойған соң әрі қарай созу мүмкін болмады. Ол ұят деп санадым. Солай шаңырақ көтердік. Қалай той болып, келін болып түскенін байқамай қалдым”, –дейді ол.

Жанаргүл ханым жолдасының өнері туралы айта кетті. Оның әрбір рөлі өзіне жарасымды, көрерменді сендіре алатын образдар деп мақтауын асырды. 

“Рүстем алғаш “Қылышбектің” рөліне кастингке барғанда оны көп адам қабылдамаған екен. Продюсерлер жас актер 50 жастағы адамды қалай ойнайды деп қарсы болған. Театр актері қалай сериалда ойнай алмайды деп сынаған. Тіпті Дариға апайымыздың өзі “мүлде ойнай алмайды екен, рөлге келмейді” деп айтыпты. Алайда режиссер қоймаған соң сол рөлде қалды”, – деді Жанаргүл Жаныаманова.




Көрілген: 686    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.11.2021, 16:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31