Өркениет

"Жанашыры едім": Төреғали "ТТТ"-ға тұрмысқа шыққан Мадина Оспанова туралы айтты

  • https://www.instagram.com/ospanova.mm/?utm_source=ig_embed

    https://www.instagram.com/ospanova.mm/?utm_source=ig_embed

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі өзінің "Ұлы дала комедиясы" атты фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған Мадина Оспанованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді.

 

Өнер иесі "ТТТ" деген жігіттің жары атанған жас актриса үшін аса қатты қуанғанын білдіріп, оған әрдайым жанашыр әрі тілекші болғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Төреғали Төреәлі жақында ғана жаңа отбасына келін болып түскен актриса жайлы бар ойын ақтарды.

 

"Мадина Оспан тұрмысқа шығады дегенді естігенде қатты қуандым. Өйткені, мен оған сондай жанашыр едім. Мен шынымен, оның тілектес ағасы, тілеушісі едім. Өткенде Айқынның фильміне түсіп жатыр екен. Мен де түсу керек болғанмын. Барсам, екеуміздің рөлдерімізді тағы байланыстырып қойыпты. Сол түсірілім алаңында айтты, тойға шақырды" , - деді шоу-бизнес жұлдызы.

 

Айта кетейік, бұған дейін халық арасында Мадина Оспанова мен Төреғали Төреәлі көңіл жарастырып жүр деген қауесет тараған болатын. Актриса сүйіктісінің түрін жауып, фото астына "ТТТ" деп жазып елді одан бетер ойландырып қойды.

 

Алайда, уақыт өте Оспанованың жазып жүрген "ТТТ"-сы мүлдем басқа жігіт екені белгілі болды. Өнер иесі бірнеше жыл бойы кездесіп жүрген сүйіктісінің ұсынысын қабылдап, оған тұрмысқа шықты.

 




Көрілген: 951    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 12:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30