Өркениет

Жанболат пен Жазира Алтынай Жорабаеваның қызына құда түспекші ме

  • Фото: Instagram/zhazira_bairbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: Instagram/zhazira_bairbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қазақ эстрадасының жарасымды жұптарының бірі Жанболат пен Жазира келін таңдауда алыстан арбаламай, жақыннан дорбалайын деп шешкен көрінеді. Жұлдызды жанұя өнердегі әріптесі Алтынай Жорабаеваның қызына құда түсуге ниетті болса керек. Желідегілердің мұндай болжамдарына Жазира Байырбекованың жариялаған жазбасы себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Жазира Байырбекованың көзі көпбалалы ана - Алтынай Жорабаеваның қызына түскені анық. Әнші Instagram парақшасында өнердегі әріптесі мен оның қызының суретін жариялап, оған сұрақты төтесінен қойған. "Алтынай, қызың өзің сияқты пысық па?!" - деп сұрады эстрада жұлдызы.

 

Өнер иесінің бұл жазбасы желіде бірден қызу талқыға түсті. Көпшілік Байырбекованың әрекетіне қатты таңғалып, қос тарап келісімін берсе тойдың ауылы алыс емес деп болжады.

 

"Жарасымды құдағи болар едіңіздер", "Алтынайдың қызы әдемі екен", "Жазира апайдың сұрағы қызы екен. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалайын деген болар" , "Жарасымды жұп шығар еді. Жанболат пен Жазираның да ұлы сымбатты жігіт қой", "Жұлдызды тандем" , "Инстаграммен құда түскелі жатыр-ау" , "Келін етейін дедіңіз ба" , "Анасына қарап, қызын ал" , - деп өз пікірлерін жазуда желі қолданушлары.

 

 




Көрілген: 4265    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 12:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31