Өркениет

Жанды дауыста ән айтуға өнер адамдары келіспейді

  • Жанды дауыста ән айтуға өнер адамдары келіспейді

    Жанды дауыста ән айтуға өнер адамдары келіспейді

Мәдениет министрлігі қойған талаппен өнер иелерінің кейбірі келіспейді, деп хабарлады "Хабар 24".

ВИДЕО youtu.be/9T5lfdGRLb4

Себебі жанды дауыста ән шырқауға арналған музыкалық аппараттар жетіспейді. Бар болған күннің өзінде сапасы сын көтермейді. Ал құзырлы орган өнер иелеріне тек жанды дауыста ән шырқау қажеттігін ескертеді.

"Концерт ұйымдастырушылары әншіні шақырған кезде райдерге сай қызмет көрсетуі тиіс. Сонда ғана жанды дауыста өнер көрсетуге болады. Бізде техника нашар. Сосын әншілердің гонорары да көп емес. Оның үстіне ұйымдастырушылар сырттан әнші шақыруға әуес. Соларға арнап қымбат аппаратура әкеледі. Қазақстандық өнерпаздарға келгенде, техника да ескі, төлем де мардымсыз. Осыдан кейін жанды дауыста ән шырқау жайлы талап қою да қисынсыз", - дейді продюсер Алуа Қонарова.

Дегенмен, өзгерістер алдыңғы буын өнер иелері тарапынан қолдау тапты. "Фонограмма мәселесі 10 жылдан бері көтеріліп келеді, сондықтан оған нүкте қояр сәт келді", – дейді Жеңіс Сейдоллаұлы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері осы заң жобасын әзірлеуге де атсалысқан. Сондықтан тыңдарман талғамына сай болу үшін әріптестерін барынша шынайы болуға шақырады.

"Ең алдымен, бұл жерде көрермен таңдау мүмкіндігін алады. Әнші концерт қоятын болса, құлақтандыруда "осынша ән фонограммада, осынша ән жанды дауыста болады" деп көрсетеді. Осы мәселенің қозғалғанына көп болды. Нүктесі қойылды. Енді ұят болады. Әншілер бар мүмкіншілігін салып, жанды дауыста шырқап жатыр", - деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы.

Сонымен кез келген әртіс сахнаға шығар алдында қанша әнін жанды дауыста шырқайтынын алдын ала хабарлауы тиіс. Заң талабы осындай. Бірақ оны өнер иелері қаншалықты орындайтынына уақыт төреші. Оның үстіне қандай жауапкершілік жүктелетіні де белгісіз.

"Норма енді ғана енгізіліп жатыр. Оны тәжірибеге енгізбей, ештеңе айта алмаймыз. Мүмкін заңбұзушылық мүлде болмайтын шығар. Бұл жағын әнші немесе ұйымдастырушының ар-ұятына қалдырамыз. Егер заңбұзушылық көбейіп кетсе, министрлік Әкімшілік кодекске өзгеріс енгізеді, яғни айыппұл салу жағын қарастырамыз", - деп түсіндірді мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры Күміс Сейітова.

Заң мәжілісте мақұлданды. Енді сенат отырысында қаралып, өзгеріс енгізілуі де мүмкін. Әзірге қоғам тарапынан құжатқа тек оң баға беріліп отыр.

 

 




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30