Өркениет

Жәния Джуринская отбасылық өмірі жайлы: Жақындарымыз біздің қайда тұратынымызды білмейді

  • Жәния Джуринская отбасылық өмірі жайлы: Жақындарымыз біздің қайда тұратынымызды білмейді

    Жәния Джуринская отбасылық өмірі жайлы: Жақындарымыз біздің қайда тұратынымызды білмейді

Жәния Джуринская отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Жақында тұрмыс құрған актрисаның айтуынша, туған-туыстары олардың қайда тұратынын білмейді, деп жазады  Stan.kz.

Отау құрғаннан кейін романтика жоғалады, туған-туыс, тұрмыс-тіршілік басталады деген сенім Жәнияның отбасынан айналып өткен.

 
Джуринскаяның айтуынша, жақындары екі жастың өміріне мүлде араласпайды. Екеуіне еркіндік берген үлкендер тіпті, Данияр мен Жәнияның қайда тұрып жатқанын білмейтін болып шықты.

"Данияр екеуміздің өмірде жолымыз болды. Ата-аналарымызға біздің өмірімізге араласпайтыны үшін, біздің өмір сүру салтымызды түсініп, қабылдағандары үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді.  

Айтуға ұят, әрине, бірақ жақындарымыздың ешқайсысы біздің қайда тұратынымызды білмейді. Бірнеше рет қонаққа шақырмақшы болдым, бірақ пандемия деп өздері келгісі келмеді. Жақында шақырамын", - деп бөлісті Жәния.

Ата-анасы екі жасқа келмегенімен, Данияр мен Жәния кішілік танытуды ұмытпайды.

"Ата-анамызға барып тұрамыз, олар бір-біріне барып тұрады. Өзіміздің құдалыққа күйеуім екеуміз келе алмай қалғанбыз. Даник ауырып, жедел жәрдем шақырттық. Екі жақ өздері кездесті. 

Ырым-жырымнан еркін және толыққанды бақыттымыз! Ата-анамызға мың алғыс", - деп түйіндеді сөзін ол. 

Желі оқырмандары жас отбасыға қызығып, мұндай жағдайдың сирек кездесетінін айтты. Жәнияға басындағы бақты бағалауға кеңес берді.
 




Көрілген: 862    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.07.2021, 09:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30