Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Жаным, айтсам сенбейсің ғой»: Қазақстандық фильм Ресей фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды

24 қазан 2020, 10:00

Қазақстандық «Жаным, айтсам сенбейсің ғой» фильмі ресейлік «Киношок» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында кинофестивальдің ресми сайтында жарияланды.

1992 жылдан бері Ресейдің Анапа қаласында ұйымдастырылатын жыл сайынғы «Киношок» фестивалінің салтанатты марапаттау рәсімі биыл 17-23 қазан аралығында өткен болатын.

Шараның бас жүлдесі - толық метражды фильмге берілетін «Алтын сабақ» гран-при сыйлығын Ернар Нұрғалиевтің «Жаным, айтсам сенбейсің ғой» фильмі иеленді.

Кинотуынды сонымен қатар Баспасөз дипломын алып, «Үздік сценарий» аталымында көш бойы озып шықты.

Сондай-ақ қазақстандық «Черный, черный человек» фильмінің қоюшы режиссері Әділхан Ержанов фестивальдің «Үздік режиссура» номинациясында жеңіске жетті.

Ал осы фильмнің басты рөлін сомдаған Данияр Алшынов үздік актер атанды.

Айта кетейік, Данияр Алшынов «Жаным, айтсам сенбейсің ғой» фильмінде де басты рөлде ойнаған.