Өркениет

Жапондар Димашты қазақ тілінде қарсы алды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Жапония әуе-жайы Димашты қарсы алған кезде хабарды үш тілде таратты: жапонша, қазақша және қытайша, деп хабарлайды kaz.zakon.kz/.

Димаш Құдайберген 19 қарашада Токиода өтетін кіл мықтылар ән фестиваліне қатысу үшін бүгін Жапонияға барды. Youtube желісінде Жапонияның әуе-жайынан Димашты жанкүйерлері қалай қарсы алғаны туралы видео пайда болды.

"Бұл видеоны көрген Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері оған өте жоғары баға берді. Себебі, Димашты қарсы алуға Жапония өте жоғары деңгейде дайындалған: біріншіден, әуе-жай қазақ тілінде сөйлеп, Димаш бастаған топты бір елең еткізді, екіншіден, оның залмен өтуі кезінде арнайы қоршаулар қойылып, оның қауіпсіздігіне ерекше ден қойылған, үшіншіден, жанкүйерлер сыйлаған сыйлықты полиция алдымен қабыл алып, оның тексерген соң Димашқа ұсынды", делінеді видео хабарламада.
Жапония әуе-жайының қазақша сөйлегеніне қарап, кейбір жанкүйерлер "Димаштың арманы орындалды" деп жазып жатты желіде. Олар бұл арада Димаштың "қазақ тілін әлемге таныту менің арманым" дегенін меңзесе керек.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген 19 қарашада Жапонияда өтетін ABU TV Song Festival 2019 концертінде өнер көрсетеді. Ол шақырылған қонақтар ретінде Қазақстанның атынан шығады. Онда Азия-Тынық мұхитына кіретін елдердің үздік әншілері өнер көрсетеді. Әр ел өзінің ең үздік әншісін ұсынады, Димашты Хабар телеарнасы ұсынған. Байқауда кіл мықты әншілер өзара додаға түспейді, бұл мықтылардың көрермендерге арналған екі сағаттық концерті болады.

 




Көрілген: 1291    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31