Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жас дарындар бақ сынайды

02 ақпан 2011, 10:55

Үстіміздегі жылдың 12-14 ақпан күндері Алматыда Art advance продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен және Алматы қалалық білім басқармасы мен «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің қолдауымен «Жас дарын» жасөспірімдер мен балалар арасындағы қалалық ән-би байқауы өтеді.
Ата-бабамыздан қалған қазақ хал­қы­ның рухани байлығының құндылық­тарын сақ­тау жолында, Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғына орай ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың мақсаты – ел болашағы са­на­ла­тын жастарға қолдау жасап, шығар­ма­шы­лық деңгейлерін көтеру.
Байқау сонымен қатар халқымыздың асыл мұрасы – қазақтың дәстүрлі ән-күй өне­рін кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұр­пақ­қа жеткізу және Қазақстанда тұрып жат­қан ұлттардың рухани бірлігін сақтауды көз­дейді.
Дарынды жастардың бойындағы музы­ка­лық-эстетикалық тәрбиені жетілдіруге жә­не олардың орындау шеберлігін арт­ты­ру­ға септігін тигізетін өнер сайысы негізгі төрт номинация бойынша өтеді:

•   дәстүрлі ән (кез келген халықтың
    ұлт­тық әнін орындау);
•   дәстүрлі күй өнері және
    аспапты композиция;
•   эстрадалық вокал (кез келген
    тілдегі ән);
•   хореография (классикалық және
    кез келген ұлттың биі).

Байқауға қатысатын жастар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді:
•    Кіші топ – 6-9 жасқа дейін;
•    Орта топ – 10-14 жасқа дейін;
•    Жоғарғы топ – 15-18 жасқа дейін;   

Өнерін сынға салатын дарындарға қойылатын талаптар:
•   «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша
    ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен
    ән орын­дайды.
•    «Дәстүрлі күй өнері және аспапты
    композиция» номина­ция­сы бойын­ша
    ха­лық күйшілерінің және қазіргі
    күй­ші­лердің бір күйін орындау
    (кез келген аспапта).
•   «Эстрадалық вокал» номинациясына
    қатысушылар эстрада ән жанрында
    ән орын­дайды. Ән тірі дауыста
    орындалуы ке­рек).
•   Байқауға сондай-ақ жеке
    орын­дау­шы­лар мен топтар
    дуэт, трио, квартет, квин­тет­тер)
    қатыса алады.
•   «Хореография» номинациясы
    бойынша би ұжымдары және
    жеке орындаушылар арасында
    халық биі хореографияның
    жоғарғы талаптарына сай әртүрлі
    мәндегі әлем халықтарының
    бір биін орындайды.

 Арнайы тағайындалған әділқазылар ал­қасы үміткерлердің вокалдық ерек­ше­лік­тері, музыканың кәсіби деңгейде өң­де­луі, актерлік шеберлігі, сахналық киім үлгісі, ұлттық аспапта ойнау шеберлігі, орын­даушының дауыс ырғағының кеңдігі, би қозғалысындағы ритмикасы мен син­хрон­дығын бағалайды. Қазылар алқасы есі­мі елге белгілі өнер қайраткерлері, ком­по­зитор, ақын, әнші, хореограф, білікті пе­дагог мамандардан құралған. Байқауға қа­тысушылар барлық үміткерлер өз мини-дис­кілеріне орындаушының аты-жөнін, ән­­нің реттік нөмірін, номинациясының атын жазып көрсетулері қажет. Бір ес­кер­тетін жайт: байқауға қатысушылар әлемдік тә­жірибедегідей байқауға қатысу үшін тиіс­ті мөлшерде жарна төлейді.
«Жас дарын» Алматы қалалық байқауы Алматыдағы Оқушылар сарайында өтеді. Үш күнге созылатын өнер додасының сал­та­натты ашылуы 12 ақпанда сағат 14:00-де басталады.