Өркениет

Жас ғашығын көрсеткен Дильназ Ахмадиева талқыға түсті (фото)

  • instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

    instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

38 жастағы Дильназ Ахмадиева желіге сүйіктісімен түскен суретін жүктеп, елдің қызу талқысына түсті. Көпшілік әншіні ғашығынан әлдеқайда үлкен екенін болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Дильназ Ахмадиева жеке өмірін жасырын ұстауды қойып, сүйіктісімен түскен суреттерін Instagram желісіне жиі жүктейтін болған.


Анықталғандай, әншінің таңдауы Азильхан есімді жігітке түскен. Ол да шоу-бизнес саласында еңбек етеді. Дильназдың ғашығы әншілікпен қоса жүргізуші ретінде де танымал.



38 жасында жаңа бақытқа ие болған әншінің жеке өміріндегі өзгерісіне барлығы дерлік қуанбаған. Оқырмандар Ахмадиеваның сүйіктісіне қатысты екі түрлі ой білдірді.


Бірі жұлдызды жұптың аса жарасымды екенін айтып, өз ақ тілектерін білдірсе, енді бірі жігіттің Дильназға қарағанда тым жас көрінетінін жазуда.



"Өте әдемі жұп, тойдың күні алыс емес сияқты" , "Сондай бақытты екеніңіз көрініп тұр. Сіздің махаббатыңызды тапқаныңызға қуаныштымын" , "Құлпырып шыға келдіңіз. Сіз барлық бақытқа лайықсыз. Ұзағынан болсын" , "Жігітіңіз екеуіңіз жарасымды жұпсыздар. Тіпті ұүқсайтын сияқтысыздар" , "Бақытты болыңыздар, тезірек отбасылы және балалы болуларыңызды жазсын" , "Мына жігіті өзінен тым жас көрінеді" , "Ол сені пайдаланып жүр" , "Сенбей тұрмын, мына жігіт сізден кіші секілді" , - деп жазуда желідегілер.



Оған қоса, Дильназ Ахмадиева сүйіктісі мен оның анасына қатысты жағымсыз пікір қалдырған оқырманына жауап берген.


"Біріншіден, оның есімі Азильбек емес, Азильхан. Екіншіден, оның анасымен қарым-қатынасымыз жақсы. Сол себепті менің өмірімді қазбаламай, өз өміріңізді ретке келтіріңіз" , - деп жазды әнші.



Айта кетейік, Ахмадиева бұған дейін тұрмыста болған. Ол 2011 жылы Ахмад есімді кәсіпкерге тұрмысқа шығып, 2015 жылы ажырасып кеткен.



 




Көрілген: 1851    Пікірлер: 0

сенбі, 30.03.2019, 17:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31