Өркениет

"Жасына сай емес": Қысқа юбка киген Жанар Айжанованы ел сөгіп тастады (видео)

  • "Жасына сай емес": Қысқа юбка киген Жанар Айжанованы ел сөгіп тастады (видео)

Отандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова көпшілік алдына жаңа образда шығып, елден оңбай сөз естіді. Желідегілер 52 жастағы шоу-бизнес жұлдызының жасына сай емес киінгеніне шүйліккен. Олардың ойынша, мұндай заманауи киім үлгісі аса ерсі көрінеді деп жазады nur.kz.

Ғаламтор кеңістігінде Жанар Айжанованың қысқа былғары юбкамен майыса билеп тұрған видеосы тарап кеткен. Бейнежазбада эстрада жұлдызының жас қыз секілді киініп алғанын байқауға болады. Ол қасында тұрған әнші Дана Кентайдың құрбысы сияқты көрініп қалған. Аталмыш видео желідегілер арасында бірден қызу талқыланып, сансыз жағымсыз пікір жинады. Халықтың басым көпшілігі жасы 50-ден асқан адамдардың мұндай киім үлгісімен жүргеніне қарсы болып шықты. Олар көпке сыйлы әртісті сынап, оған жасына сай киініп жүрген анағұрлым жарасатынын айтты. "Масқара Жанарға не болған" , "Адам қарауға да ұялады екен" , "Осындай киім кисе кисін, бірақ неге бірден бұралақтап кетеді осы" , "Жараспайды жасына лайық емес" , "Адамға ақыл айтады ғой бұл кісі. Өзіне де шамалы керек сияқты" , "Бел қайда? Белді шығару керек" , "Кәрі түйе құтырса жұт болады" , "Қызын ұзата алмай жүр екен ғой. Ал мынау берген үлгі-өнегелері енді- деп жазуда желі қолданушылары. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Ақтөбеде Гүлнұр Оразымбетованың той кезіндегі видеосын тексеріп жатыр Айта кетейік, күні кеше Гүлнұр Оразымбетованың мұрағаттан деп жариялаған видосына байланысты тексеріс басталғанын хабарлаған едік. Ақтөбе қаласының санитар дәрігерлері өнер иесі ән салған тойдың қайда және қашан өткенін анықтауда. 




Көрілген: 6100    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.10.2020, 02:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31