Өркениет

"Жасына сай емес": Оқушы кейпіндегі Мәдина Сәдуақасова сынға қалды (фото)

  • Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова ерекше образын паш етпек болып, елден оңбай сөз естіді. Желі қолданушылары оқушы кейпіне енген өнер иесін жасына сай емес, қысқа киімі үшін сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Мадина Сәдуақасова ел наразылығын тудырған фотосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда эстрада жұлдызы оқушы қыздың образында қысқа юбкамен болған.

 

Желі қолданушылары бірден оның жаңа фотосессиясына қатысты пікірталас ұйымдастырып, өз ойымен бөлісті.

 

Пікір білдірушілердің көбісіне әншінің тым қысқа киім киіп алғаны ұнамай қалған. Олар суреттегі образ өнер иесінің жасына мүлдем сай емес екенін алға тартты.

 

Алайда, желідегілер арасында Сәдуақасованы қолдап шыққандар да бар болып шықты. Олар шоу-бизнес өкіліне кез келген киім үлгісі жарасатынын жазуда.

 

"Не үлгі? Не өнер сіздікі? Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері деп жүрсек" , "Ренжімеңіз түк жарасып тұрған жоқ" , "Ұят екен. Мынандай қысқа киіммен фотограф алдына қалай шықтың?" , "Жасыңызға сай емес" , "41 жасқа келіп, істеп отырған тірлігіңіз ерсі" , "Не отырыс бұл? Ұят қайда?", "Қыз қырықта қылық шығарады деген осы екен" , "Сөз жоқ. Күйеуіне сабыр берсін" , "Мадина көптің сөзіне құлақ аспаңыз. Сізге бәрі жарасады", "Сондай сүйкімдісіз" , "Жолдасы рұқсат етпейтін еді ғой. Мынадай фотосессия жасаған болса, ажырасып кеткені ме?" , - деп жазуда желі қолданушылары.

 

 

 




Көрілген: 6305    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 16:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31