Өркениет

Жазира Байырбекова елді дүрліктірген өзіне қатысты ақпаратқа пікір білдірді

  • Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova/

    Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova/

Эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова өзі туралы жалған ақпарат таратып, желіні дүрліктіргендерге өз ренішін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Әнші өз ренішін Instagram парақшасында жеткізді. Оқырмандарына желіде тараған ақпараттың скринін бөліскен жұлдыз жанайқайын айтты.

 

"Екінші суретті қараңыздаршы. Мұндай жалған ақпарат таратып жүргендері бірінші рет емес. Дұшпаным жоқ сияқты еді… Адам баласымен ұрсысып, ренжіскенім де есімде жоқ. Мені өлтіре алмай жүрген кім екен?", - деп кейіді ол.

 

Айта кету керек, желіде "әлдебір жұлдыздың өмірден өткені туралы" фейк ақпарат тарататындар аз емес. Бұған дейін, Роза Рымбаева, Қарақат Әбілдина, Ескендір Хасанғалиев сынды қазақ жұлдыздарына қатысты дәл осындай ақпарат тарап, елді дүрліктірген болатын.

 

Бұған қатысты халық әртісі Роза Рымбаева пікір білдіріп, жалған ақпарат таратқандарды қамап, жазалау керек деп санайтынын айтқан.

 

Ал әнші Қарақат Әбілдина өзіне қатысты оқиғаны мысал ретінде келтіріп, заңды қатаңдатуға қатысты ойын білдірген болатын.

 

"Жалған ақпарат таратушылар тағы да сандырақтап, ойына келгенін айтпауы үшін оларды тұтқындап, жазалау керек. Жақында мен де құзырлы органдарға арыз жаздым. Менің атымнан ақша жинап жатқандарды сотқа бердім. Содан кейін қорыққан болар, бұл әрекетін қойды. Олар елден 10 мың теңгеден жинап, пәтер, зат ұтып аласыздар деген болатын", - деген болатын Роза Рымбаева.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1316    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 19:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31