Өркениет

Жазира Байырбекова: Кей қыздар материалдық жағдайын жасау үшін біреудің отбасын бұзып жүр

  • Жазира Байырбекова: Кей қыздар материалдық жағдайын жасау үшін біреудің отбасын бұзып жүр

    Жазира Байырбекова: Кей қыздар материалдық жағдайын жасау үшін біреудің отбасын бұзып жүр

Жазира Байырбекова отбасылы азаматтарға көз салып, өзгенің шаңырағының шайқалуына сеп болып жүрген қыздарға ақылын айтты. Ол өзгеге жасалған қиянаттың қайта айналып өзіңе келетінін еске салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көпке үлгі болып жүрген Байырбекованың бұл тақырыпты қозғауы бекер емес. Айтуынша, отбасылы азаматқа ғашық болып қалған бір оқырманы оған хат жазып, ақыл-кеңес сұраған. Байырбекова мұндай жағдайдың көп кездесетінін ескеріп, көпшілікке жауап беруді жөн санапты. 

"Кей қыздар сезімге берілсе, кей қыздар материалдық жағдайын жасау үшін біреудің отбасын бұзып, бала-шағасын тірі жетім етіп жүр.
Біреуге жасаған қиянат өзіне, не ұл-қыздарына қайтып келетінін бәріміз білеміз, иә?!

 
Баршамыздың ұл-қыздарымызды Алла тағалам түзу жолдан тайдырмаса екен, ешкімге қиянат жасамайтын жолмен бақытты болса екен деп Алладан тілеймін”, – деп пікір білдірді ол. 

Әншінің бұл жазбасы көпке ой салды. Оқырмандардың бір тобы келіссе, екінші топ ақтап алуға тырысты. 

"Ғашық шығар. Дулат Исабеков ағамыздың "Қарғын" деген кітабын оқыңыз. Оның еш айыбы жоқ. Ғажап дүние ғой. Мың адамның бірінде ғана кездеседі", "Көбі сіздің әріптестеріңіз ғой, отбасылы қалталы азаматтармен жүрген", "Дұрыс айтасыз, өмір - бумеранг", "Менің басымнан өткен, мен күресіп, жеңдім шүкір", "Егер жақсы адамнан ұрпақ сүйгісі келсе, не істеуге болады?", "Жолдасыңызға ғашық па? Құдай сақтасын, тәрбиесіз екен", – деп жазды олар.




Көрілген: 646    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 16:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31