Жазира Байырбекова қызына арнап бейнебаян түсірді

19 мамыр 2022, 11:41

Жазира Байырбекова 22 жылдық үзілістен кейін тапқан қызына арнап бейнебаян түсірді. Ол бүлдішінге арнаған әнін "Кішкентай жүрегім" деп атаған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кішкентай жүрегім" атты әнімнің бүгін бейнебаяны шықты. Кішкентай ғана жүректеріңізге арналған әнді қабыл алыңыздар", - деп бөлісті ол. 

Көпшілік бейнебаянның әдемі де әсерлі шыққанын айтып, тәнті болды. 

Айта кетейік, жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира 2019 жылы қызды болғандарын жариялады. Тұңғыш ұлдарынан кейін 22 жылдық үзілістен кейін сәбилі болған жұлдыздар бұл жаңалықты көпке дейін құпияда сақтаған. 

Stan.kz