Өркениет

Жазира Байырбекова қызының кіндік шешесін көрсетті (фото)

  • Фото: Instagram/zhazira_bairbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: Instagram/zhazira_bairbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова қызы Дара дүниеге келгенде оның кіндік шешесі кім болатынын шешіп қойған. 22 жылдан кейін екінші рет ата-ана болған жұлдызды жұптың таңдауы Сымбат есімді әжейге түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында ғана қызды болған өнер иесі қызының кіндік шешесін Instagram парақшасы арқылы халыққа көрсетіп, ол кісі туралы айтып берген.

Жазира Байырбекова Дараның кіндік шешесін көпшілік іспетті, әдеттегідей, билік айналасы мен атақтылар қатарынан емес, халық арасынан таңдағанын алға тартты.

"Даратайымның кіндік шешесін Сымбат апа болады деп еш ойланбастан таңдадым. Әкесі мен ағатайы Қазбек те ойланбастан келісті. Сымбат апа ешқандай лауазымдық қызметте емес. Жай ғана көпшіл, жомарт, кішіпейіл, көңілі аппақ адам. Бұл кісі айналасына нұрын шашып жүреді.

Кіндік шешені биліктің айналасынан немесе атақтылардан емес, халықтың арасынан таңдадық. Даратайым Сымбат апа сияқты айналасына мейірімді, пейілі кең болса Аллам бар жақсылықты сол пейіліне өзі береді" , - деп жазды Жазира Байырбекова.

Айта кетейік, бұған дейін жұлдызды жұп Жазира мен Жанболаттың 22 жылдан кейін қызды болғанын хабарлаған едік.

Кейін сәбидің бесікке салу рәсімінен желіде видео да тарады.

Сонымен қатар әнші қызының кімге көбірек ұқсайтынын айтып берген болатын.

 




Көрілген: 1859    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.12.2019, 17:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29