Өркениет

Жазира Байырбекова: Мен тұрмысқа шыққанда да, 20 жыл бұрын да маған қастандық жасағандар болды

  • Жазира Байырбекова: Мен тұрмысқа шыққанда да, 20 жыл бұрын да маған қастандық жасағандар болды

    Жазира Байырбекова: Мен тұрмысқа шыққанда да, 20 жыл бұрын да маған қастандық жасағандар болды

Жазира Байырбекова өзіне қастандық жасаушылардың көптігін айтты. Жақында ғана ине мен жіп арқылы дуа жасалғанын сөз етті. Алайда өзіне кімнің қастандық етіп жүргенін зерттемейтінін алға тартады.

Бұл туралы Алматы  арнасы хабарлайды.

 
Жазира Байырбеков өзінің сән-салонына әлдекімнің ине мен жіп тастап, өзін дуалап кеткенін айтқан еді. Әнші әлдекімнің ине мен қырқылған жіптерді матаған орап тастап кеткенін жария етті. Әншінің көмекшілері ине мен қырқылған жіптерді суға ағызып жіберген екен. Әншінің өзі мұның бірінші оқиға емес екенін айтады. 

"Мен жаңадан тұрмысқа шыққанда да, 20 жыл бұрын, 25 жыл бұрын да осындай нәрселерді көргенмін. Дуаламақшы болғандар, қастандық ойлағандар көп болды. Мен талай ауырып тұрдым. Бірақ маған дұшпандық етіп жүрген кім екен деп іздеп көрмедім. Оны тексеріп жатпадым. Алла бәрін көруші. Алла бәрінің есебін береді. Сондықтан ойыма алмаймын", - деді әнші. 

Желі қолданушылары мұның қастандық ойлағандардың ісі екенін анық айтып жатыр. 

"Бұл дуалаушылардың ісі, көреалмайтындардың жасап жүргені", "Біреуді дуалаушылар осылай түйіншекке орайды, "Мән бермеңіз, имамға барып дем салғызыңыз", "Оңбаған адамдар да болады екен ғой", "Әркім жасаған жаманшылығы үшін жауап береді, өмір кезек", "Дұға етіңіз, дем салдырыңыз, Құран оқыңыз", "Түйіншекті суға ағызып жіберіңіз", - деп кеңес айтты жанашырлары. 

Жазира Байырбеков ұлы Қазбектің бизнес саласында жұмыс істеп жатқанын айтты. Қазбектің икемі бизнесте ғана емес, ұйымдастырушылық салада жақсы көрінеді. Өзін ғана емес, туыстарын да жұмыспен қамтып отыр.

"Қазбек өзін көрсеткенді қаламайды. Бизнесте жүр. Жұмысы жақсы жүріп жатыр. Бізге қолғабыс етіп жүр. Біздің әншіліктен бөлек жұмыстарымыздың бәріне жауап береді", - деді анасы.




Көрілген: 2027    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 16:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31