Өркениет

Жазира Байырбекова өзіне дуа жасалғаны жайлы айтып берді

  • © Жетінші арна

    © Жетінші арна

Әнші Жазира Байырбекова осыдан біраз уақыт бұрын депрессияға түсіп, екі жылдай жағдайының жақсармағанын жеткізді. Өнер иесі дәрігерлермен қатар молдаларға, емшілерге қаралған деп жазады "Жеңіс шоу" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Әншінің айтуынша, күйзелістен айығып, бұрынғы қалпына келу үшін өзіне жары мен ұлының көмегі көп болған.



"Мен бұрын депрессияны жай ғана көңіл-күйі түскен сәт деп ойлайтынмын. Ал өзім депрессияға түскенде, оның өте жаман нәрсе екенін түсіндім. Үңгірге түсіп кетіп, шыға алмай жатқандай боласың. Шығуға тырысасың, бірақ ешқандай шара таппайсың. Одан мені ұлым мен күйеуім алып шықты.

Олар болмаса, мен депрессиядан шыға алмай, ары қарай кетіп қалатын едім. Олар мені қасынан тастамай, жанымда болды. Солай екі жылдай жүрдім.

Түсірілімдерге барып келемін, білдірмей. Ол кезде бірінен соң бірі аурулар басталды, депрессияға кірдім. Сол кезде молдаларға, емшілерге барсам, "Көз тиген" және "Сиқыр, дуа жасалған" дейді. Ал дәрігерлер "Шаршағансың", "Ұйқы жоқ, басыңда уайым көп. Жауапкершілігің көп. Сен содан ауырғансың" дейді.

Шынымды айтайын, қайсысы дұрыс екенін әлі білмеймін. Бірақ сол ауыртпалық артта қалды", - дейді Жазира Байырбекова.


 




Көрілген: 2284    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.08.2019, 11:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31