Өркениет

Желіде Дариға Назарбаеваның «құны 4 млн теңгеден асатын» костюмі талқыланып жатыр (ФОТО)

  • Желіде Дариға Назарбаеваның «құны 4 млн теңгеден асатын» костюмі талқыланып жатыр (ФОТО)

    Желіде Дариға Назарбаеваның «құны 4 млн теңгеден асатын» костюмі талқыланып жатыр (ФОТО)

Жайдары Демегенов есімді азамат «Қайта біздің спикер жұмыс барысында өте қарапайым. «ҚазМұнайГаз», «Бәйтерек» тағы басқа компаниялардың орта буын менеджерлері 20 мың доллар тұратын және одан да қымбат киім киеді» деп жазды.
Мұрат Омаров есімді азамат facebook парақшасында Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның жұмыста жиі киіп жүретін бір костюмінің құны қазір 20 пайыз жеңілдікпен тура 10 мың доллар тұратынын көрсетті, деп жазады 
Skifnews.kz ақпарат порталы.

Халық банкінің қазіргі бағамымен 1 теңгенің 435 доллар екенін негізге алсақ, Chanel брендінің ол өнімі әлгі 20 пайыз жеңілдігімен 4 миллион 350 мың теңге тұрады екен. Ал жазба авторы бұл байлықты қарапайым халықтың айына 42500 теңге ала алмай, зар илеп жүргенімен салыстырған. Оны көрген өзге желі қолданушылар да «Бір костюмі менің ипотекамды жауып берер еді», «4 ай бойы айлығын жұмсамай жинап, сатып алған шығар», «Бұл тіпті 10 мың доллар да емес, астында 13850 доллар деп жазылып тұр ғой», «4 млн ÷ 42500 = 94. Бұл киім 94 азаматқа көмек беруге жетеді екен» деп біраз есебін шығарып тастады.

Ал олардан өзінің «көзі ашықтау» екенін аңғартқан Жайдары Демегенов есімді азамат «Қайта біздің спикер жұмыс барысында өте қарапайым. «ҚазМұнайГаз», «Бәйтерек», тағы басқа компаниялардың орта буын менеджерлері 20 мың доллар тұратын және одан да қымбат киім киеді» деп жазды.

Роза Жаймина деген кісі де сол компания менеджерлері туралы: «Иә, олардың Биркин брендті сөмкесінің өзі 25 мың доллардан басталады», - деп Жайдары замандасының сөзін толықтыра кетті.

Ал біз «сағындырып жеткен» 42500 теңгені балмұздақ, кәмпит сынды ұсақ-түйекке құртпай, бос тоңазытқышты толтыратын азық-түлік тізімін күнде өзгертіп, «алапат жоспар» құрып отырмыз...




Көрілген: 4297    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 11:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30