Желіде Димаш Құдайбергеннің белгісіз арумен түскен суреті талқыға түсті

27 сәуір 2022, 11:19

Желіде Димаш Құдайбергеннің белгісіз арумен түскен суреті жарияланды. Dears фанаттар тобы қыздың кім екенін білуге асықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Суреттегі ару актриса Алтыншаш Шаяхметова болып шықты. Ол Димашпен бір колледжде білім алған. Айтуынша, 16 жасынан бері Құдайбергеновпен достық қарым-қатынаста. Ал Димаш Құдайберген әлемді шарлап жүрсе де, елге келген кезде ескі досын ұмытпайтын көрінеді. 

"Еліміздің мақтанышы, қазақ жерінен шыққан әлемге әйгілі жұлдызымыз, мақтанышымыз! "Үздік халықаралық жұлдыз" атты сыйлығың құтты болсын, родной!
Өміріміздің 16-шы жылынан басталған достығымыз мәңгілік болсын! Алыста жүрсең де, елімізге оралғаныңда, ұмытпай іздейтініңе ризамын! Сені мақтан тұтамын. Аман жүр!" - деп жазба қалдырды Алтыншаш Шаяхметова желіде.