Өркениет

Желідегілер Жорабаеваның ұтыс ойындарын сынға алды

  • Сурет әлеуметтік желіден

    Сурет әлеуметтік желіден

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде өз оқырмандарының сынына ұшырады. Қалың көпшілік әншінің карантин уақытында көптеп ұйымдастырып кеткен ұтыстарының шынайылығына күмәндануда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Алтынай Жорабаеваның оқырмандары желіде шу көтерді. Олар өнер иесінің сансыз ұтыстарына қанша мәрте қатысса да, әлі де ұта алмай келе жатқанын жеткізді.

 

Оған қоса, желі қолданушылары осыған дейін аталмыш ұтыстарда жеңіске жеткен бірде-бір адамды көрмегендерін айтты.

 

Өз наразылығын олар шоу-бизнес жұлдызының Instagram парақшасында жарияланған жазбалардың астында қалдырып жатыр.

 

"Ұтып жатқан бір адамды көрмедім" , "Қайта-қайта оқырмандарын жаңадан қоя береді" , "Адам санын көбейтудің амалы ғой" , "Елді әбден ақымақ қылып бітті" , "Қанша қатыссақ та, бір ұтпаймыз" , "Шегірткеге сенген ақымақтар" , "Ешкім ұтпайды, не үшін қатысып жүрсіздер" , "Қалай ұтады, ұттырмай отырсаң" , "Не болып кеткен, өз сүйкімін өзі кетіріп" , - деп жазуда көпшілік.

 

Айта кетейік, карантин режимі енгізілгелі көптеген өнер өкілдері табыссыз қалып қойып, жаппай ақшалай ұтыстар өткізуге кіріскен еді. Олардың қатарында Алтынай Жорабаева да бар.

 

Көпбалалы әнші күніге бір ұтыс ойнатып, бірнеше адамды ақшалай сыйлықпен қуантып жатады.

 

Алайда, желі қолданушыларының оған қатысты үлен күмәні бар.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаева жолдасымен сүйісіп тұрған фотосымен бөлісіп, елден оңбай сөз естіген болатын. Көпшілік оның әрекетін аса ерсі деп санаған.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CEW49PeAiDB/




Көрілген: 661    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.08.2020, 15:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31