Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жеңімпаздардың фотошежіресі

01 ақпан 2011, 10:53

Күн өткен сайын Азиада рухы еліміздің әр өңірінде көрініс тауып, асқақтап келе жатқандығы қуанарлық жайт. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайында 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына арналған «Азиада алауына құрмет» атты фотокөрме ашылды.
Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Күлия Айдарбекова былай дей­ді:
–    Қазақша күрес, тоғызқұмалақ, ат спорты жарыстарынан түсірілген фотосуреттер Қазақстанда XIX ғасырдың басындағы спорттық ғұмыры туралы баяндайды. Көрмеге, негізінен, Тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттағы еліміздегі спорттың дамуын суреттейтін фотосуреттер қойылды. Біздің спортшыларымыз әлі де еліміздің әлемдік аренадағы табыста­рына елеулі үлес қосады деп сенеміз.
Көрмеде аймақтағы спорттың дамуына жеке бөлім арналған, ол ХХ ғасырдың 50-жылдардағы кезеңін қамтиды. Экспозиция­ға гимнасшылар Нелли Ким мен Әлия Жүсіпова, боксшылар Бекзат Саттарханов пен Мұхтархан Ділдәбеков, палуандар Бесолт Дециев пен Елена Шалыгина сияқты еліміздің оңтүстік өңірінен шыққан таны­мал, үздік спортшылар мен жаттықтыру­шы­лардың фотолары қойылған.
Арнайы экспозицияны Азиада алауы­ның эстафетасынан түсірілген фоторепортаж аяқтайды. Ұйымдастырушылардың ай­туын­ша, Шымкенттегі көрме Азиада аяқ­тал­ған соң Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар елді мекендерінде көрсетіледі.