Өркениет

"Жеті балам бар, бір әйелден емес": Бауыржан Ибрагимов қазақ демографиясына қатты алаңдайтынын жеткізді

  • "Жеті балам бар, бір әйелден емес": Бауыржан Ибрагимов қазақ демографиясына қатты алаңдайтынын жеткізді

Белгілі актер, "Бауыржан шоу" әзіл-сықақ театрының жетекшісі Бауыржан Ибрагимов журналист Аман Тасығанның Talklike жобасына сұхбат беріп, қазіргі қазақ өнерінің жағдайы туралы пікірін білдірді. Сонымен қатар болашақта саясаттан көрінуі мүмкін екендігін, қазақ халқының санын көбейтумен айналысатын партия құратынын айтып қалды.

Өзінің қазақ халқынын демографиясына қосқан үлесі туралы ол: "Жеті балам бар, бір әйелден емес. Сол балаларды өмірге келтіру үшін мен бір іштей шешімге келдім. Қай әйел қасындағы жары қазақтың саны аз екен деп біреумен бөліседі?", - деп бірінші жұбайының оңайлықпен көне қоймағанын айтты. 

 
Өзінен ұрпақ көргісі келетін келіншектер көп екенін жасырмады. "Біреулер қалжыңдап айтады, біреу шын пейілмен айтады, бірақ ашық келіп ұсыныс жасамайды. Бізде әлі де ақылын сақтап қалған қыздар ондайды ашық айтуға ар-ұжданы жібермейді. Жеңілтек өмірге түсіп кеткендердің басына ондай ой келмейді. Ал ақылы жететіндердің ар-ұжданы бармайды. Мен ойлаймын ұрпағының жалғасуы жеке адамның мүддесінен биік тұруы керек деп. Әйелі ренжуі мүмкін, бірақ Әкім Тарази (қайын атасы - ред.) сияқты азаматтардан ұрпақ қалмағанда кімнен ұрпақ қалады?! Ондай азаматтардың мүддесі биік тұруы керек деп ойлаймын. Ол кісіні ештеңеге қарамай, қайта үйленіп, артынан үш ұл бала туғанын бағалаймын", - деді актер әйгілі қаламгер атасы туралы.

Актер жұбайы Дана әкесімен көп араласпайтынын жеткізді. "Шешесін көп қолдайды. Дана Әкімқызы екі жоғары білімі бар білімді адам ғой, бірақ бұл жерде саяз түсінік болып тұр. Бұл жерде шешесін сатып кетті деген ой ғой. Мен тырыстым араларын жылытуға, бірақ өзідерінің ниеті болмағасын, қойдым. Оның аржағында үлкен дүние жатқанын түсйнбейді, өздерінің ыңғайына қарай бұрып алған. Ол кісі өзінің әйелқұмарлығынан істеген жоқ, ұрпақ жалғастырып, артынан тұяқ қалдыру үшін істеді мұны", - деді ол.




Көрілген: 5863    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.10.2020, 18:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31