Өркениет

Жігер Ауыпбаев өзіне "дуа жасалғанын" айтты

  • https://365info.kz/

    https://365info.kz/

Отандық танымал әнші Жігер Ауыпбаев осыдан бес-алты күн бұрын сырқаттанып қалғанын айтып берді. Өнер иесі сап-сау жүрген жерінен кенеттен ауырып қалған. Дәрігерлер емдей алмаған шоу-бизнес жұлдызын дем салушы көмекке келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Меломен" тобының бұрынғы солисі аяқ асты сырқаттанып, сөйлей алмай қалған айтты.

Жігер тамағына бір тікен қадалғандай сезімде болып, тіпті жұтына да алмай қалғаны жайлы Instagram желісінде жазды.

"Біреуге өлім тілегенше өзіңе-өмір тіле. Сөз иесін табады. Сәл ертерек заманда біреу біреу үшін бұл өмірде артық болса "киллер" жалдап жоқ қыла салатын. Ал қазіргі заманда біразы ой жүгірте бермейтін "чёрная магия", сиқыр (жындар әлемімен байланыста болу) арқылы біреу біреуді құрдымға жібере салатын болды. Осыдан 5-6 күн бұрын сап-сау жүрген едік, табан асты бір бәле келіп жабысты да кетті. Мүлдем сөйлей алмай қалдым. Тамақтан бір тікен қадалды да не тамақ өтпейді, не жұтына алмай қалдық.

"Суық тиді, қазіргі тұмау өте жаман, ауруханаға барып система ал. Тез тәуір болып кетесің" - деген сөздерге құлақ асып ауыруханаға барып тексерілдім. Дәрі-дәрмек, системасын алдым. Тағы да алатын системалардың, уколдардың тізімін жазып берді. Жазып берген тізімдегі дәрі-дәрмектерді сатып алып, күніне екі мәрте системаға барып жүрдік. Системадан кейін адам сәл тәуір болушы еді. Бірақ, менен ешқандай өзгеріс байқалмады. Керісінше қызуым көтеріліп, денем ауырлап кетті" , - деп бастады әңгімесін әнші.

Белгілі болғандай дәрі-дәрмектен еш нәтиже шықпай, әбден мазасы кеткен әнші тек дем салдырған соң айығып кеткен.

"Күні кеше отбасымызбен қонаққа бардық. Мазам болмай дастарханға отыра алмадым. Қонақ болып барған шаңырақтың егесі өзінің інісін алып келіп "Осы кісі саған дем салып берсінші" - деді. Бір кесе суға құран аяттарын оқып денеме бүркіп, суды ішкізді. Осылай 3-4 мәрте қайталап дем салып берді. Алланың құдыреті ғой. Денемдегі қызуым қалпына түсіп, тамағымдағы қадалып тұрған тікен жоқ болып жеңіл дем ала бастадым.

4 күн еш тәбетсіз нәр татпай жүрген едім, бірден тәбетім ашылып тамақ іше бастадым. Дем салып берген ағамыз

"Денеңе біраз нәрсе өтіп кеткен екен. Алла шипасын берсін"-деді. Бәрі Алланың қалауы ғой. Бірақ менің түсінбегенім ән айтпақ түгілі сөйлей алмай, жұтына алмай қатты қиналып кеткен едім. Қаншама күн система, уколдар, таблеткалар ішіп жүріп көрмеген өзгерісті Құран аяттарын оқып дем салғаннан көрдім. Демек, біреудің бағын көре алмайтындардың ісі деп білемін. Себебі, суық тисе система, дәрі-дәрмектермен-ақ кетіп қалушы еді. Қалай болса да бір Аллаға мәлім. Алла баршамызға денсаулық берсін. Егер расымен мен ойлаған қара ниеттілер болса Алла хидаят берсін. Оның ақыретте сұрауы өте қиын. Сол тірлігі үшін тозаққа да кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан біреуге өлім тілегенше өзімізге екі өмірде де мәңгілік ғұмыр тілейік" , - деп жазды Ауыпбаев.

 




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.01.2020, 21:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29