Өркениет

Жігер Ауыпбаев талантымен елді баураған қойшы баланы шәкірт етіп алды

  • Жігер Ауыпбаев талантымен елді баураған қойшы баланы шәкірт етіп алды

    Жігер Ауыпбаев талантымен елді баураған қойшы баланы шәкірт етіп алды

"Бұлақ көрсең көзін аш!" Ғаламторда ән айтқан видеолары арқылы танылған қойшы бала өнер жұлдыздарын бейжай қалдырмады. Жігер Ауыпбаев қой бағып жүрген жігітті қалаға әкеліп, өзіне шәкірт етіп алды, деп хабарлайды  Stan.kz.

Жігер жас баланың талантының ашылуына, халыққа танылуына көмектесу үшін алдымен оның ауылына барып, ата-анасының рұқсатын алды. Сөзіне қарағанда, қойшы баланың талантына таңдай қағып, өнерін паш еткісі келген жалғыз ол емес екен. 

"Сайын далада еш заңдылыққа бағынбай қой бағып, емін-еркін сайрап өскен Қойшы баланың бойынан бала күнгі Жігерді көргендей болдым.
Туған ауылым Кегеннің оң жақ қапталынан орын тепкен Көкпияз ауылында балалық шағымның бір бөлшегі қой бағумен өткен еді.
Өрісте қой кезекте жүріп кеш батқанша уақыт өтпей қоятын. Сол кезде астымдағы атымды тұсап қойып қойларға айқайлап ән айтып беретін едім. Таудың тәрбиесі бөлек қой", – деп бөлісті Жігер.

Ауыпбаев қойшы баланың ән айтқанын ғаламтор желісінен көріп қалып, нөмірін тауып хабарласқанын айтады. Айтуынша, ата-анасы өзінің жерлесіне, яғни Жігерге шәкірттіке беруге ниет еткен. 

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” дейді қазақ. Өзім әлі күнге дейін біреуге шәкіртпін. Десек те, осы күнге дейін жиған азды-көпті ілім-біліміммен енді Қойшы баланы баптап көреміз.
Өнер жолы өте ұзақ жол. Бұл жолда өнерді сүйген адам ғана жетістікке жетеді. Арманға жету жолында қаншама қиындықтар, соқпақ жолдар кездеседі…
Солардың бәрінен сүрінбей өткен адамның маңдайы жарқырайды. Ал сіздер Қойшы бала екеумізге сәттілік тілеп, ақ баталарыңызды беріп қойыңыздар. Бұйырса жақын арада Қойшы бала екеумізден жаңа ән тыңдап қаларсыздар", – деп қуанышты жаңалығымен бөлісті Ауыпбаев.




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 11:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31