Өркениет

«Жігіт көрмеген қыз»: Өзге ұлт өкіліне үйленген Кентал келіншегі жайлы алғаш рет айтты

  • «Жігіт көрмеген қыз»: Өзге ұлт өкіліне үйленген Кентал келіншегі жайлы алғаш рет айтты

    «Жігіт көрмеген қыз»: Өзге ұлт өкіліне үйленген Кентал келіншегі жайлы алғаш рет айтты

Елімізде төтенше жағдай жарияланған сәтте отандық шоу-бизнестегі бірнеше сүрбойдақтың саны кеміген еді. Карантин кезінде қолына ақ құсын қондырған өнерпаздардың бірі – Кентал! Дүбірлі той жасамаса да, ет-жақындарының ортасында некесін қидырған әнші жігіт отбасылық өмірі жайлы алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz сайты

«Карантин кезінде үйленіп, неке қидырғаным – тойдан қашу, қаражатты үнемдеу емес. Қазір неше түрлі жаман жағдайлар болып жатыр. Сондықтан үйленудің сәті дәл осы карантин кезінде түсті. Бұл арнайы жасалған жоспар емес. Бірақ, той алдағы уақытта болады. Үйленген жақсы екен», – дейді Кентал.

Кентал мен келіншегі Милана осыдан екі жыл бұрын ортақ достарының қуанышында танысқан. Сол кеште сезімі селт еткен сері жігіт, бұрымдыға бірден ғашық болып қалады. Отыздан асса да отау құруға асықпаған ол, 33 жасында дәл осы аруға үйленуге бел буыпты.

Әнші жігіттің сүйіктісі – 18 жаста, бүгінде Алматыдағы университеттердің бірін білім алуда. Күрд ұлтының қызымен көңіл қосқан Кенталды сынағандар да табылыпты. Бірақ, жас келін қайын жұртына жаққан секілді.

«Қазақша сөйлейді, қазақша түсінеді, үйде бәрі қазақша сөйлейді. Күнде әкеме сәлем береді, таңертең тұрып әкеме шәй береді. «Қазақтың қызын таба алмадың ба» деген сияқты сындар болып жатыр, онсыз да интернет жарылып жатыр. Осы ұлт тақырыбы туралы айтпай-ақ қояйыншы, шаршадым!» – дейді Кентал.

Қазақстанда карантин кезеңі басталғалы той өткізуге тыйым салды, концерттерге де рұқсат жоқ. Кенталдың айтуынша, бүгінгі жағдай шоу-бизнес өкілдеріне де оңай тиіп жатқан жоқ. Әртістер қауымы әр салада нәпақасын табуға кіріскен көрінеді.

«Шынымен қазір той жоқ, концерт жоқ. Сондықтан, біз де адам баласымыз, бізде де қаражат бір күні болады, бір күні болмайды. Біз де қарапайым адамбыз. Әрбір танымал әртіс ауылдан шыққан, халықтан шыққан. Қазір енді той болмағандықтан жұмыс жоқ, қаражат жоқ. Кейбір әншілер неше түрлі басқа жұмысқа кетіп жатыр. Сол күн көрістің қамы ғой. Мысалы, мен басқа жұмысты істеуге ұялмаймын. Қазір менде той жоқ. Мен биыл аулада қияр, қызанақ, пияз ектім. Кім біледі күзде не болатынын? Сол кезде осы көкөністерім кішкене көмек болады!» – дейді әнші.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 індетін жұқтырғандардың саны күрт өсуіне орай, күшейтілген карантин режимі 2020 жылдың 5 тамызына дейін жалғасады. 




Көрілген: 1039    Пікірлер: 0

сенбі, 18.07.2020, 11:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30