Өркениет

Жігітеріміз жыртық джинсымен сахнаның шаңын қағып, қыздарымыз талтайып тұрып терме айтатын болды...

  • Жігітеріміз жыртық джинсымен сахнаның шаңын қағып, қыздарымыз талтайып тұрып терме айтатын болды...

    Жігітеріміз жыртық джинсымен сахнаның шаңын қағып, қыздарымыз талтайып тұрып терме айтатын болды...

80-ші жылдардың басында қазақ эстрадасында екі-үш қана әнші болатын. Аз да болса саз, біреу де болса бірегейлер еді. Әрине ең алдымен ауызға ілігетіні Роза Рымбаева, одан кейін Нағима Есқалиева, оларға кейіннен Мақпал мен Сембек, Бақтияр Тайлақбаев қосылды. Розаның жаңа әндерін көпшілік қауым асыға күтетін. Әр әнін жазып алып, жаттап жүріп айтатын. Осы өнер көшінің ізін жалғастырып жүргендерге көңіл тола ма бүгінде? «Саңырауқұлақтар ән салып тұр» дейді теледидар қарап отырған әкем. Түсінбей қалғанымыз.

Сөйтсек жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен әншілерді айтып отыр екен. Рас, бүгінде не көп, әнші көп. Ау деп ауыз ашқанның бәрі әнші боп кеткен бе дерсің. Әннің қадірін кетіріп, қор қып жүрген пұшық шіркіннің кейпінде. Бәрін бірдей күстаналаудан аулақпыз. Дегенмен саптағылардың сапасына сызат түсіріп жүргендердің клипіне де, әніне де көңіл қоңылтақсыған соң айтамыз-дағы. Шыңғырып, қышқырып ән салғанда құлағыңды жауып безіп кеткің келеді. Баритон дауысты әншілеріміз күркіреп микрофонды жарғанда құлақтағы қырық жылғы қатып қалған құлығын қақыратып түсірердей. Қыздарымыз талтайып тұрып терме  айтатын болды. Жігіттеріміз шаштарын өріп алып, жыртық джинсымен сахнаның сәнін кетіріп жүр...

Жалпы бүгінде Қазақстанда шоу бизнес бар ма деген әңгіме көп айтылып жүр. Біреу бар дейді. Біреу жоққа санайды. Енді бірінің әңгімесі шоу бизнес емес, той бизнес бар дегенге саяды. Әзірге бұл әңгіме басы ашық күйінде тұр. Айтпағымыз әлемді мойындатқан Мадонна секілді әнші неге шықпайды арамыздан? Кеше ғана өнер әлеміне имене енген жас әнші бірден жұлдызға айналып шыға келеді. Сөйтеді де «мен Ресейді бағындырғалы жатырмын» дейді. Енді бірі Американы айтады. Хош дейміз. Қазақты әлемге танытса аяғынан ешкім тартпайды, қолынан ешкім қақпайды. Алайда 5-6 айдан кейін әлгі әңгіме су аяғы құрдымға кетеді. Әлде бұл пиар ма, түсініксіз. Әншіні мойындаған Мәскеу жоқ,. артынан ұят болды-ау деп жүрген әнші де жоқ.... Кезінде Роза Рымбаева талай халықаралық өнер байқауларынан бас жүлде алып келіп еліміздің мерейін асқақтатқаны есте. Қазір мұндай қуанышты сирек есітетін болдық. Әнші апамызды Мәскеуге  шақырғанда сыпайы түрде бас тартқанын да білеміз. Кім біледі, сол кезде кеткенінде бүгінде Ресейдің маңдайалды әншілерінің бірі болар ма еді? Ол ән салғанда өлеңші көп дарылдақ көпшігін қысып айдалада қалғандай-ды. Роза апамыз «мен ресейліктерді мойындатамын» деп мақтанған жоқ Үнсіз жүріп тер төкті, үнсіз жүріп қазақ эстрадасын алға сүйреуге үлес қосып шәкірт тәрбиеледі. Бертінде Мәскеуге барып концерт қойғанында ресейліктердің Роза Рымбаеваға қандай құрмет көрсеткенін көрсеңіз. «Жұлдыздар аллеясына» аты мәңгіге жазылып қалды. Әр ән айтып біткен сайын орнынан тұрып қол шапалақтаған көрерменнің құрметінде шек болған жоқ. Шын талантқа шынайы бағаны халық беретінін осыдан-ақ бағамдауға болар. Сол кезеңде Мәскеуге барып біраз еңбек еткен украиналық София Ротару, латвиялық Лайма Вайкулені бүгінде бүкіл ТМД жұртшылығы таниды. Ал, біздің жақтан барып бұрынғы одақты шулатып жатқандарды көрмедік.

Экспорт мәдениетке мойынсұнған жас әншілеріміз батыстың батпағын әкеліп қазақтың тұнық өнерін лайлауды көксейтіндей. Мұндай стиль өздеріне ұнайтын шығар. Алайда көпшіліктің көңілінен шығады деп ешкім айта алмас. Қазақ әні қазақы нақышымен ерекшеленуі керек. Сонда ғана өзге елдіктерді таңғалдыруға болады. Басқаша жолы жоқ....




Көрілген: 1994    Пікірлер: 3

бейсенбі, 10.04.2014, 10:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31