Жігітпен ұятсыз би билеген Байзақова желіні тағы шулатты (ВИДЕО)

24 ақпан 2022, 19:27

Әлеуметтік желіде атышулы блогер Айжан Байзақованың жастардың басқосуы кезіндегі биі жұрттың жағасын ұстатты деп хабарлады turkystan.kz.

 

Бейнежазбада атышулы Байзақованың көпшілік алдында орындықта отырған жігітке санын, жамбасын ұстатып жатқан сәті көрсетілген. Жиналған жастар видеоға түсіріп, оның әрекетіне қол шапалақтаған. Бұл бейнежазбаны көрген көпшілік оны сынға алды.

 

«Ұратын бір еркек жоқ па?», «Көргенсіз. Намыссыздар», «Байзақова атышулы бәле ғой, ішіне жын кіргендей», «Әкесінен ұялмай ма екен?», «Ұят болды ғой, шет елге еліктеген түрі», «Ақша үшін өлетін болды» деп пікір қалдырған олар.