Өркениет

"Жоғары даусым үшін күлетін". Димаш Құдайберген Малаховқа балалық шағын айтып берді

  • "Жоғары даусым үшін күлетін". Димаш Құдайберген Малаховқа балалық шағын айтып берді

 Димаш Құдайберген "Привет, Андрей!" бағдарламасында бала кезінде оны жоғары даусы үшін қалай мазақтағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Россия 1" телеарнасына сілтеме жасап. Андрей Малаховтың бұл жолғы қонақтары "Жыл әні" (Песня года) мерекелік бағдарламасының қатысушылары болды.

Хабарға соңғы бірнеше жыл сұхбат бермеген Юрий Шатунов та келді. Сондай-ақ, Лев Лещенко, Филипп Киркоров, Николай Басков, Димаш Құдайберген, Лера Кудрявцева және басқалары болды. Андрей Малахов Димаш Құдайбергенге қазір ол кезіндегі Юрий Шатунов сияқты танымал екенін айтты. Ал қазақстандық орындаушы бұл бағдарламаны бала кезінен көретінін және "Юра ағаның" (Юрий Шатунов) қалай өнер көрсететіні әлі есінде екенін жеткізді. Сондай-ақ ол балалардың не деп күлгенін есіне алды. "Ауладағы барлық досым "Немене қыз сияқты ән айтасың. Жоғары дауыспен айтудың керегі не?" дейтін. Бізді мұғалімдер сопраномен орындауды үйреткен. Осыдан балалар бұл туралы жиі айта берді, содан мен даусымды басқа өзгерткенім бар, - деді Димаш. Ал Киркоров Құдайбергеннің орындауындағы "Любовь, похожую на сон" әнін ең үздік ремейк деп таныды. Айта кетелік, бұл хит әнді Алла Пугачева қазақстандық өнерпаз дүниеге келген жылы (1994) айтқан.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 885    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.12.2019, 12:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29