Өркениет

"Жоғарыдағылар ескерту жасады": Қайрат Әділгерей не бүлдірді

  • "Жоғарыдағылар ескерту жасады": Қайрат Әділгерей не бүлдірді


Аман Тасығанмен бірге "TalkLike" бағдарламасында Қайрат Әділгерей ағынан жарылып, ашық сұхбат берді. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

- Қазір билік өкілдерінің аттары өзгергенімен заты сол, бұған не дейсіз?! 

- Енді ол әуелден сол ғой. Солай қалыптасқан солай қала береді. Неге биліктегілер әртістер мен спортцмендерді жанына тартады,  өйткені оларда аудитория көп. Мысалы:  Мейрамбек ағамызда қанша миллион оқырманды бар,  Сәкен ағамызда да көп. 

- Азаматтық оппозиция бар ма?! Себебі сіз қисынсыз атылған от-шашуды сынадыңыз, Қарағұсованы сынадыңыз.

- Негізі менде бұрыннан оппозиция болса, мен өзімнің инстаграм парақшамда жазып,жариялап келетін едім. Ол жерде мен тікелей эфирде өз жұмысымды жасап отырып, эмоцияға беріліп кетіп ойымды ашық айттым.

 
- Ерлан Қариннің қатаң ескертуінен соң әлде позицияңыз өзгерді ме? 

- Жоқ. Негізі мен өзім Ерлан мырзаға хабарласып не болып жатыр деп сұрағым келді. Ол кісі маған хабарласқан жоқ. Кейін жолығып сөйлесемін деп ойлағам, бірақ реті келмеді. Тіпті бұл тақырыпты ашып та сөйлесе алмадық. Бірақ жоғары жақтан құзырлы органдар хабарласқанын жасырмаймын. Хабарласып не себепті олай айттыңыз деді, мен ешқандай бүлік жасаған жоқпын, елде болып жатқан жағдай туралы өз ойымды ашық айттым деп жауап бердім. Олар қысқартқаныңыз жөн,  елде болып жатқан нәрсені әркім әр жаққа тартып сөйлегені дұрыс емес деп ескерту берді. Мен түсіндім. 

Осыдан соң билікке қарсы сөз айтпайтын болдыңыз ба?!-деген сұраққа Қайрат мырза:

"Мен ол жерде билікке қарсы ештеңе айтқан жоқпын. Мен азаматтық тұрғыда өз ойымды ашық айттым болғаны осы. Мен саясаттың адамы емеспін, мен өнердегі адаммын"- деп жауап берді.

 
Автор: Гүлнұр Серікбай




Көрілген: 3804    Пікірлер: 0

сенбі, 10.10.2020, 09:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30