Өркениет

"Жолап кетсе, жүктілікті жұқтыратын қасиетім баршылық": Қарақат Тамара Асар жайлы

  • "Жолап кетсе, жүктілікті жұқтыратын қасиетім баршылық": Қарақат Тамара Асар жайлы

Барша шоу-бизнес өкілдері қызды болған Тамара Асарды құттықтап, ақжарма тілектерін арнауда. Бұл орайда Қарақат Әбілдина өзінің кенже қызының туған күнінде құрбысы Тамара Асардың босанатынын болжаған көрінеді. Ол әріптесіне қатысты қызықты дерекпен бөлісті, деп жазады Stan.kz.

"Жүрегім жарылып кетер ме дедім! Қатты қуандым! Ақ Томиым! Жаным! Досым-ау! Бөпеңнің бауы берік болсын, алтыным!

Бұл - керемет қуаныш! Бұл не деген бақыт. Қамбарыңның қарындасы, балаңның бауыры келді өмірге! Алла ұлық!

“Қақааат, Айзөнидің туған күніне келейінші” деп еді. - Үйбааай, қоя тұр. Сен өзі Айзөнидің туған күніне босанатын шығарсың, - деп едім. Алла аузыма салған екен. Міне бүгін жаңалықты есітіп бір жылап, одан Томидың постын оқып тағы жылап, екі кештің арасында ебіл-дебіл болдым да қалдым әшейін. Мен оған, ол маған аудио жіберіп, жылап қуандық! Жүрек елжіреп сала берсеші, шіркін ай! Бала деген бақыт қой. Тамараның жағдайында бұл деген 1000 еселенген бақыт! Аллаға шүкір!

Бәсе дейм-ау, “Бір пост жазып қойдым. Жақында салам. Өзің де барсың ішінде” деп еді. Аааа деп таңданып қала бергем. Түс деген - тылсым ғой. Әз Пайғамбар да талай істің болар бағытын түсінде көріп болжаған екен. Томи да көрген түсін түсіне қойып, осылай деп жорыған екен, айнымай келді. Осыдан кейін Алланың құдіретіне сенбей көр!

Жалпы көп байқаймын, жазып та жатады “Сізді түсімде көрдім. Маған Бір зат беріп жатырсыз. Көп өтпей аяғым ауыр екенін білдім” деп. Алланың берген берекесі болар, жолап кетсе жүктілікті жұқтыратын қасиетім де баршылық. Ниетім ғой, тұрмыстағы бар әйелдің баласы көп балса деп тілеп тұрам.

Ей Ақ Томи! Бүгін менің қызымның туған күні! Сенің де туған күнің. Ай маңдайлы Ажар қызымыздың дүниеге келген күні құтты болсын!" - деп жазды Әбілдина желідегі парақшасында.

Айта кетейік, кеше Тамара Асар қыз босанды. Бұл – әншінің екінші сәбиі. Өнер иесі жақында тұрмысқа шыққанын жария еткен болатын. 




Көрілген: 1478    Пікірлер: 0

жұма, 03.09.2021, 09:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31