Өркениет

Жоспарым құрдымға кетті - Динара Бақтыбаева

  • https://365info.kz/

    https://365info.kz/

Қазақстандық кино саласының жұлдызы Динара Бақтыбаева босанар уақыты жақындап қалған шағында уайымға салынды. Алғаш рет ана атанғалы жатқан актриса дәм мен иіс сезбей қалған. Өнер иесі коронавирус жұқтырып алған болуы мүмкін екенін ескере отырып, оны анықтау үшін ПТР тест тапсырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Динара Бақтыбаева тұңғышын қайда және қандай жағдайда босанатынын алдын ала жоспарлап қойған. Алайда, күллі әлемді жаулаған коронавирус кесірінен ауруханаға жатуға да қорқып қалған. Босанатын уақыты жақындап келе жатқанда болашақ ананың жүрегін одан бетер үрей басты. Белгілі актриса дәм мен иіс сезбей қалған. Ол мұндай күйде бір аптадан астам уақыт жүр. Өзінің және сәбиінің денсаулығы үшін алаңдаған өнер иесі бірден ПТР тестілеуден өтіп, бүгінде оның нәтижесін күтуде.

 

"Осы уақытқа дейін босануымды ойластырып келгенмін. Вип-палата мен джакузиді қаладым. Йогаға қатысып, босану үрдісін зерттедім. Дайындыққа барып жүрдім. Содан кейін бар жоспарым құрдымға кетті. Палаталар жабылып қалды. Енді олар тек қана Covid-19 жұқтырғандарға арналады. Көңілім түсіп қалды. Иіс сезбей жүргеніме бір аптадан астам уақыт болды. Анам "вип-палатаны армандап едің ғой" деп қалжыңдап қояды. ПТР тапсырдым, нәтижесін күтудемін. Шамалы алаңдап, қайтадан дайындығыма оралдым. Қазіргі басты мақсат- дені сау баланы дүниеге әкеліп, өзім де сау болуым керек. Енді вип-палата дегеннің маңызы да жоқ. Уақыт осындай, қолдан келер шара жоқ" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

 




Көрілген: 1766    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.07.2020, 14:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30