Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымына" қатысты дауға жауап берді
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртастың сүйікті жары Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы" сұлулық байқауындағы жеңісі аясында туындаған даулы мәселеге алғаш рет жауап берді. Ол шетелдік басылымдарда өзге арудың жеңімпаз атанғаны туралы ақпараттарға қатысты өз пікірін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
Жұлдыз Әбдікәрімова өзге елдің бұқаралық ақпарат құралдарында "Әлем ханымы-2020" байқауында мүлдем басқа қыздың жеңіске жеткені жайлы мәліметтер туралы қандай ойда екенін айтты.
 
Хитменнің жары Instagram парақшасында халық арасында қызу талқыланған тақырып жайында жазба жариялады.
 
"Неге үндемейді?! &ldquoЖұлдыз ханым, неге сіздің миссис болғаныңыз туралы ақпарат әлемдік БАҚ-та жоқ?&rdquo деп сұрады журналист. &ldquoҚазақтың жеңісін қазаққа дәлелдеу үшін сырттың сөзі қажет болғаны ма&rdquo деп іштен тындым да, &ldquoҚазақ қызының бақытын өзге БАҚ мойындай ма?&rdquo деп күліп қана жауап бердім. Іздесе жазғандар бар шығар. Өзім іздемедім" , - деп жазды Әбдікәрімова.
 
Сонымен қатар, Қайрат Нұртастың келіншегі желіде украиналық арудың "Әлем ханымы" байқауында бірінші орын алғаны туралы мақаланың скриншотын жүктеп қойды.
 
Желі қолданушылары көпбалалы анаға барынша қолдау көрсетіп, өз жылы лебіздерін білдірген. Оқырмандар аталмыш байқаудағы Жұлдыздың жеңісіне күмәнмен қарамайтындарын айтып, тәжге тек қана ол лайықты болғанын жазуда.
 
"Ел сөзін тыңдамаңыздар. Сіз жеңісініңді дәлелдеуге міндетті емессіз. Бастысы тәж сізде" , "Жұлдыз сіз біз үшін қатыспасаңыз да, бас ханымдардың бірісіз. Сіздің жеңісіңізде күмәнім жоқ" , "Димаш әлемді өнерімен мойындатса, сіз сұлулығыңызбен мойындаттыңыз. Осы біздің халық біреу үшін, біреудің детістігі үшін шынайы қуануды қашан үйренеді", - деп жазуда көпшілік.