Өркениет

Жұлдыз Әбдікәрімова байқауды күйеуі сатып алды дегендерге жауап берді

  • Жұлдыз Әбдікәрімова байқауды күйеуі сатып алды дегендерге жауап берді

    Жұлдыз Әбдікәрімова байқауды күйеуі сатып алды дегендерге жауап берді

"Әлем ханымы &ndash 2020" байқауының жеңімпазы күйеуі, белгілі әнші Қайрат Нұртастың көп көмегі тигенін, алайда Гран приді сатып әперді деген сөз жалған екенін атап өтті. Әлем ханымы атанған Жұлдыз Әбдікәрімова ел арасында байқауды Қайрат Нұртас сатып алды дегендерге жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қайраттың үлесі көп. Себебі, ең алдымен, оның қолдауы болды. Одан кейін әрине, байқаудың балалы болу керек деген бір шарты бар ғой. Бұл жерде де Қайраттың үлесі жоғары деп ойлаймын (күлді). Сондықтан үлкен рақмет айтамын. Ал ел аузында жүрген қауесеттерге келсек, дауыс берген қарапайым халық өзі біледі деп айтар едім. Күнде дауыс беріп жүрген қаншама жандар бар. Оның ақылы емес екенін бәрі біледі. Сондықтан оны әркімнің өз санасына қалдырамын", - деді Әбдікәрімова астанада өткен баспасөз мәслихатында

Айта кетейік, бүгін Жұлдыз Әбдікәрімоваға байқаудың лентасы мен тәжі ресми түрде табысталды. Оларды ұйымдастырушылар Болгариядан поштамен жіберген.

Биыл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 86 адам қатысты.  




Көрілген: 3846    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.12.2020, 16:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31