Жұлдыз Әбдікәрімованың желідегі жазбасы көпшілікті ойландырып қойды

24 қаңтар 2022, 10:30

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өмір туралы ой-толғауын бөлісіп, желіде әсерлі жазба жариялады. Жұлдызды келіннің сөздері оқырмандар арасында қызу талқы тудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Жұлдыз Әбдікәрімова аталмыш жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

 

"Өмір деген ұзақ жол. Ал біз мұнда мәңгілік емеспіз. Шыдай түс, жолаушы" , - деп жазды ол.

 

Желі қолданушылары актрисаның сөздеріне қосылып, өмірге қатысты өз ойларын бөліскен.

 

"Дұрыс айтасыз. Осыны көбісі түсіне бермейді", "Өмірде бәрі қонақ. Байлық пен мансап деген қалады. Соны түсінсе екен адамдар", "Керемет! Жастар осындай өнер адамынан үлгі алыңдар. Сөздің мәнін қадірін түсінетін адамдар не болса соны жазбайды", "Бастысы жақсы адам болып өту", - деп жазды көпшілік.

 

Кейбір оқырмандар Әбдікәрімованың көзі мұңға толы екенін жазып, тіпті оған өз бақытын табуын тілеп жатты.

 

"Көз - ішкі жан дүниенің айнасы демекші, Жұлдыз, көзің мұңға толы", "Бәрі керемет, бірақ өте мұңды болып көренсіз", "Енді тұрмысқа шық жүре бермей. Өмір деген өтіп жатыр", - деп жазды олар.