Өркениет

Жұлдыз Әбдукәрімова: Театрда жезөкшенің рөлін ойнадым

  • Жұлдыз Әбдукәрімова: Театрда жезөкшенің рөлін ойнадым

    Жұлдыз Әбдукәрімова: Театрда жезөкшенің рөлін ойнадым

Жұлдыз Әбдукәрімова студент кезінде жеңіл жүрісті қыздың рөлін сомдағанын айтты. Актриса барлық рөлге дайын болу керек деген ойын жеткізді. Театр актері өмірінде ауыр жағдайды бастан кешсе де сахнада рөлін жоғары деңгейде ойнап шығуы тиіс дейді ол.

Жұлдыз Әбдукәрімова студент кезінде түрлі роль сомдап, театр сахнасында ойнаған. Тіпті жеңіл жүрісті қыздың рөлін ойнап, ұстаздарының бағасын алған. Актриса кез келген жағдайда өз рөлін әдемі ойнап шығуға міндетті дейді. 

 
“Студент кезімізде колледж жанынан құрылған театр режиссері, актер, қоғам қайраткері, ұстазымыз – Байтен Омаров атындағы монотеатрда қойылым қойып, тәжірибе жинақтай бастадық. Ең бір есімде қалғаны – танымал жазушы, драматург Дулат Исабектовтің "Алтын тордағы тоты" (Актриса) пьесасы. Таңдаған мамандығымның салмағын түсіндірген спектакль болды десем қателеспеймін.

Бұл жолда перідей арбайтын атақ та, даңқ та, ақша мен періштедей шынайы ғашық ететін кіршіксіз өнер де бар екенін аңғартты. Пьесадағы бас кейіпкер Айгүл бауырының ауыр жағдайда ауруханаға түскенін естісе де, залда күтіп отырған көрерменнің көзінше жадырап, жарқылдап ойнап шығу керек болды. Себебі ол актриса еді. Өмірінде орын алған келеңсіз жағдайларды сахнадағы образымен араластырмайтын. Жүрегінің түбіндегі жабырқау сезімді көрсетуге болмайтын. Тәртіп солай. Себебі ол – актриса”, – деп жазды Жұлдыз. 

Айтуынша, сахнада жезөкшенің рөлін жақсы ойнап шыққан. Актриса қандай болмасын берілген рөлге дайын болу керек. Мейлі бұл оның табиғатына жат болса да. 

“Бұл қойылымды сахналау кезінде маған жеңіл жүрісті қыздың рөлін ұсынды. Бас тарта алмадым. Себебі мен де актриса едім. Өзі кішкентай болғанымен, сондай қиын роль болды. Ешқандай сөз жоқ. Бар болмысын ым-ишарамен ашып шығу керек болды. Сол кезде ұстазымыз: "Үлкен не кішкентай деген рөл болмайды. Театрда әр әртіс маңызды" деген. Сахнада қатты қобалжығанымыз рас. Себебі қойылымға Дулат ағаның өзі де көрермен ретінде қатысқан еді. Қойылым аяқталған соң "Ең шынайы, ең таза алып шыққан театр" деп жоғары бағасын беріп кеткен.

Кешегі “Бөрте” спектаклінде ағамен жүздесіп, амандығын тілеп қайттық. Қазақ тарихында “Бөртенің” алар орны ерек. Себебі Қоңырат руынан шыққан Бөрте Шыңғыс ханға тек жар ғана емес, ақылшы бола білген. Бөртенің сұлулығынан бөлек, даналығының арқасында хан Шыңғыс жақын досының айласынан аман қалады”, – деді Әбдукәрімова.

Желі қолданушылары таңданысын білдірді.

“Дулат ағайдың шығармалары керемет қой”, “Мен де Дулат Исабековтің пьессаларын оқитынмын бала кезімде”, “Ол қандай спектакль болды екен?”, “Сізге жеңіл жүрісті қыздың рөлі жараспайтын шығар”, “Ол актриса болса барлық рөл жарасады, онда таңдау жоқ”, “Жағымсыз рөлдер тез есте қалады”, деп жазды желідегі оқырмандары. 




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.10.2021, 13:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30