Өркениет

Жұлдыз Өмірғали: Жыныстық қатынастан еркек қана емес, әйел де ләззат алу керек

  • Жұлдыз Өмірғали: Жыныстық қатынастан еркек қана емес, әйел де ләззат алу керек

    Жұлдыз Өмірғали: Жыныстық қатынастан еркек қана емес, әйел де ләззат алу керек

Жұлдыз Өмірғали қыз-келіншектерге ақыл-кеңесін айтты. Сөзінше, күйеу мен ене тақырыбында өзінен кеңес сұрайтындар көп көрінеді. Сонымен қатар ер мен әйелдің қатынасы берік болу үшін нендей сырларды білу керек екенін үйретті.
Жұлдыз ханымның айтуынша, ер мен әйелдің төсек қатынасы берік болу керек. Ер адам ғана емес, әйел де одан ләззат алуы тиіс. Ол үшін арнайы интим мамандардан кеңес алу керек дейді.

"Қайырлы күн қыздар. Көп қыз-келіншектер жекеге хат жазып жатады күйеумен, енемен қарым-қатынас туралы жиі посттар шығарыңызшы деп. Көп қыздар бақытын, бағын күйеуіне байлап қойған. Алайда қыздар олай емес. Ең бірінші сол күйеуінің разылығын ойлайды, айтқанын шықпай тығылып жүреді.­ Ханымдар, арулар иә білемін күйеудің разылығын алу керек, бірақ күйеулеріңізден бұрын Алланың разылығын алуға асығыңыздар. Сіз қашан бірінші орынға Алланың разылығын қоясыз, сол сәттен бастап сізде бәрі оңынан болады. Ең бірінші Аллаға, кейін өзіңе деген махаббаты ерекше жанның энергиясы толы болады. ­

Негізі, дамыған заманда сіздерге кеңес берер едім психологиялық және интим сабақтар арнайы мамандардан бір рет алыңыздар деп. Жүрегі тыныштық тауып, қарыз, өкпе, уайыммен мәңгі қош айтысып, интимді жаттығуларды меңгеріп от әйел болғысы келетін ханымдарға кеңес беремін", - деді Өмірғалиева.

"Көздеріңізді ашып қараңыздар": Жұлдыз "Айқынның тоқалы" дегендерге жауап берді

Жұлдыз ханымның пікірінше, жыныстық қатынас - ең өзекті тақырып. Әйел төсек құралы емес дейді ол. Әйелдің көңіл-күйі, күтімі жақсы болса, ара қатынас та жақсы болады.

"Денсаулық, әсіресе әйелге тән, денсаулық ол өзіңізге керек. ­
Жыныстық қатынас тек еркекке ғана емес, сізге де керек. Төсек қатынасынан еркек ғана ләззәт алу керек, әйел оған тек ләззәт алатын құрал болуы керек деген ұғым жоқ. ­ Әйелдің бақыты - ішкі байлығында. ­

Егер сіздің денсаулығыңыз жақсы болып, уайым, реніш, қайғысыз, өзіңізді жақсы көріп күтіне білсеңіз, күйеуіңіздің өзі-ақ сізді алақаныңызға салып күтеді. Отбасыңызда тыныштық пен махаббат орнасын десеңіз. Ең бірінші өзіңіздің жан дүниеңізді тыныштық пен махаббатқа толтырыңыз", - деп жазды. 




Көрілген: 2445    Пікірлер: 0

жұма, 26.06.2020, 14:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 13:48
    Қарбызды жаз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31