Өркениет

Жұлдыз Өмірғали: Інім екеумізді неге тастап кетті екен деп анама ренжимін

  • Жұлдыз Өмірғали: Інім екеумізді неге тастап кетті екен деп анама ренжимін

    Жұлдыз Өмірғали: Інім екеумізді неге тастап кетті екен деп анама ренжимін

Әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали інісі екеуі балалық шағында әкесінен ерте айырылып, ата-әжесінің қолында өскен. Анасы тұрмыс құрып өз бетімен кеткенін айтады. Әнші өзі ана болғалы анасын жақсы түсінеді. Алайда "бізді неге тастап кетті?" деген сұрақ әлі де жиі мазалайды.

Бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтылды. 
Жұлдыз Өмірғали бала күнінен ата-әжесінің қолында өскен. Артынан ерген бір інісі бар. Әкесі марқұм болған соң ата-әжесінің қолында қалды. Анасы екінші рет тұрмыс құрған соң көп араласпай кеткен екен. 

"Әкем қайтыс болды. Әкем де, анам да темір жолда жұмыс істеді. Атам да 40 жыл теміржолда, әжем 40 жыл мұғалім болған кісілер. Анам тұрмыс құрып кетті. Біз бір-екі күнге барып тұратынбыз. Ата-әжем қатал кісілер еді.

Ерке болдым деп айта алмаймын. Ауылда тұрдық. Сиыр саудым, үйдің жұмысын істедім. Анама барып тұратынбыз. Ана болғалы анамды жақсы түсінемін. Бірақ інім екеумізді не себепті тастап кетті екен? Мен өз балаларымды ата-әжесіне тастап кете алмас едім. Мені сол сұрақ әлі де мазалайды. Мүмкін балалық шақтан қалған жарақат шығар", - деді әнші. 

Жұлдыздың анасы екінші некесінде Аяла есімді қыз баланы өмірге әкелді. Алайда 10 айында шетінеп кетіпті. Одан кейін Айсәуле есімді қызы дүниеге келді. 

"Мен Алматыға оқуға түстім. Оқуға кетер алдында анама барып қайттым. Ол кезде екінші күйеуінен туған Аяла есімді сіңлім бар еді. Алайда ол түнімен ауырып шықты. Аурухана жоқ еді. Пойызбен таңертең көрші ауылға баратын болдық. Ауруханаға барамыз дегенше сәбидің жағдайы нашарлап кетті. Көршіміздің көлігін оталдырып, көрші ауылға шығып кетті. Аурухана жетіп үлгердік. Алайда жарты күн өтпей шетінеп кетті. Бір күн бұрын ғана қолда ұстап отырған баланы ертесі жерле тастадық. Содан кейін қорқып қалдым. Балам өмірге келгенде ұйықтап кетсе, шошып кететін едім. Қазір өзіме келгендеймін", - деді Жұлдыз. 




Көрілген: 1591    Пікірлер: 0

жұма, 02.04.2021, 18:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31