Өркениет

"Жұмыссыз қалдық": Бейбіт Кушкалиев карантинде даяшылық қызметке кірісті (фото)

  • "Жұмыссыз қалдық": Бейбіт Кушкалиев карантинде даяшылық қызметке кірісті (фото)

Танымал эстрада жұлдызы Бейбіт Кушқалиев бизнеске бет бұрды. Ол "Заман" тобының әншісі Әсет Қарабалинмен бірлесіп кофехана ашқан. Әншілердің сахнадан алшақтап, жеке кәсіпке бет бұруына не себеп болды? Карантин кезінде кофехана ашудың пайдасы қандай? KAZ.NUR.KZ сұрақтарына Бейбіттің өзі жауап берген болатын.

"Наурыз айында елімізде төтенше жағдай режимі жарияланып, карантин енгізілген соң, той да, концерт те тоқтады. Нәпақамызды тойдан тауып жүрген біздер, әншілер, жұмыссыз қалдық. Кофехана ашығуа итермелеген негізгі себеп осы болды. Әсет екеуміз тұратын ауданда кофе ішетін орындар жоқ. Сондықтан, осындай қадамға бардық. Кофехананың ашылғанына бір айдан асты. Әзірге, жалдамалы жұмысшылар алған жоқпыз. Кофені өзіміз дайындаймыз, даяшы да өзіміз. Карантинге байланысты тұрғындар кофені өзімен алып кете алады. Кейін бұдан да үлкея түсеміз деген мақсат бар", - дейді қазақ эстрадасының әншісі.

 

 

Өнер иесі неліктен көп кәсіптің ішінен кофехана ашқанын да түсіндіріп өтті. "Көп таныстарым неге кофехана аштыңыздар, басқа кәсіптер де бар еді ғой деп сұрап жатады. Шынын айтайын, мен кофені 2011 жылдан бері жақсы көремін. Міндетті түрде күніне бір мәрте аталған өнімді тұтынамын десем де болады. Кофенің қыр сырын білу осы кәсіпті бастауымызға түрті болды деп те айта аламын", - деді әртіс.

 

 

Бейбіт Кушқалиев бизнеске бет бұрса да, өнерді ұмытпайтынын айтады.

"Әрине, Алматыға өнер қуып келдік. Қанша жылымыз сахнада өтті. Сол себепті, әншіліктен бас тарттық деп айтпаймын. Керісінше, қазіргі қиын ахуал біздің өнерді біраз тазалап, таразылап, жақсы ән, жақсы әншілерді қалдырады деген сенімдемін. Ал кәсібіміз енді қадам басқан кішкентай сәби сияқты. Бірақ біздің жоспарымыз көп. Болашақта халыққа садақа беретін, мұқтаж жандарға баспана алып беретін, сырқат жандардың отбасына көмектесетін, адамдарға жұмыс тауып беретін жағдайға жетсек деген ниетіміз бар. Алла сол ниетімізге жеткізіп, бұл істің берекесін берсін", - деп ағынан жарылды әнші.

Бір қызығы, кофехананың логотипінде шегірткенің суреті бейнеленген. Бұған кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың әншілерді шегірткеге теңегені қаншалықты әсер етті?

"Шыны керек, шегірткенің суретін қоюды досымыз Қайрат Әділгерей ұсынды. Көпшілік әншілер қауымын шегірткеге теңеп жатыр ғой. Соған байланысты, аздаған мысқылмен қойған түріміз бұл. Негізінде, кімнің кім екені Аллаға ғана мәлім. Ал бизнес тренер Ахметбек Нұрсилаға ешқандай реніш жоқ. Тек алғыс қана айтамыз", - дейді әнші.

Бейбіт Кушкалиев жаңа кәсіпті ашар кезде "ат іздеп, бас қатырған жоқпыз" деп отыр.

"Кофехана атауын таңдау қиын болған жоқ. Менің және Әсеттің есіміндегі алғашқы әріптерді қосып, "BEAS" деп атадық", - деді өнер иесі.

Ол келушілердің көпшілігі өнер адамы деп танып жататынын жасырмады.

"Кофе ішуге шынын айтсам, жанкүйерлеріміз бен тыңдармандарымыз де келеді. Саудамызды жүргізіп, суретке түседі. Оларға біздің қолымыздан кофе ішкен қызық. Арасында оларға ән айтып та, билеп те береміз. Әсет екеуміз халыққа барынша жақсы көңіл күй сыйлауға тырысып жүрміз ", - дейді әнші.

Қазақ эстрадасының әншісі әріптестері тарапынан қолдау болып тұратынын жеткізді.

"Әріптестеріміз тарапынан қолдау бар. Олар кофеханаға жиі келіп тұрады. Әлеуметтік желіде біз туралы жазып, жарнама жасап жатыр. Ол біз үшін үлкен көмек. Барлығына Алла жар болсын", - деді Бейбіт.

Сондай-ақ, әнші карантин кезінде мемлекеттен берілетін 42 500 теңгелік әлеуметтік көмектен бас тартпағанын айтады.


"Әншілер да адам. Мен өзім миллион табатын әртістердің қатарынан емеспін. Карантин кезінде табысымның жоғалғаны рас, сол себепті, 42 500 теңгені көктемде екі рет алдым. Бұл бір айлық азық-түлігіңді алуға жететін қаржы. Жалпы, карантинге байланысты біраз қиындық көрген әншілер аз емес. Тіпті, өнердегі төрт-бес әріптесім ауылдарына кетіп қалды. Сахнадағы санаулы адамдарға қарап, әншілердің бәрін бай екен деп бағамдауға болмайды. Біз де адам баласымыз, біздің де жұрт секілді ақшаға мұқтаж болатын кездеріміз жоқ емес", - дейді Бейбіт.

Еске сала кетсек, осыған дейін Жігіттер тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың карантин кезінде немен айналасып жүргенін жазған болатынбыз.

 

 

 




Көрілген: 1006    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.08.2020, 22:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30