Өркениет

​«Жүрегіме сыймай қалған жамандар»: Ринат Зайытов өзіне ренжіген жұртқа жауап берді

  • ​«Жүрегіме сыймай қалған жамандар»: Ринат Зайытов өзіне ренжіген жұртқа жауап берді

    ​«Жүрегіме сыймай қалған жамандар»: Ринат Зайытов өзіне ренжіген жұртқа жауап берді

Айтыс сүйер қауым Ринатты бағалайды, жақсы көреді. Өнерде ғана емес, қоғамда да өз ойын ашық айта алатын азамат, өткен жылы сайлау кезінде белсенді болғаны ел есінде. Бірақ түрлі жайттармен Ринат халық алдына жиі шықпай кетті. Соңғы кезде желігі жазба бөлісіп жүрген айтыскерге оқырмандар сөзбен оқ ата бастаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Ernur.kz-ке сілтеме жасап.

Олар «Жоғалып кетіп қайта келдің бе? Тығылған үңгірден шықтың ба?», «Жайыңа жүре бермейсің бе?» дегендей пікірлер жазған.

Бұл пікірлерге ақын үш шумақпен жауап беріпті.

«Әрбір адам ертеңіне алаңдар

Дей алмаймын таусылмайтын шамам бар

Жек көрсең де, кектенсең де себепсіз

Мен сендерді түсінемін АДАМДАР

 

Жүрегіме сыймай қалған жамандар

Өзінікін дұрыс қой деп бағамдар

Бауырыңа баспасаң да бағалап,

Мен сендерге ренжімеймін АДАМДАР

 

Таптатпауға тырысумен табанға

АР Бейнетпенен ғұмыр кешкен адалдар

Илеп, илеп итке тастай салсаң да,

Мен сендерді жақсы көрем АДАМДАР» 

Осындай өлең жолдарын оқыған желі қолданушыларының кейбірі түсіністік тынытып, айтыскерге сәттілік тілеген.

Тіпті олар көзіне жас алып, «Жаным ағам, Арыс ағам - ау Бұл қазаққа қалай өкпелейміз, кешегі Махамбет бабамның басын алған қазақ емес пе, Мағжанды орысқа ұстап берген қазақ емес пе? ҚҰНАНБАЙДЫ ҚАМШЫМЕН САБАҒАН ҚАЗАҚ ЕМЕС ПЕ? Мұхтар Әбләзовты тыңдап, Шахановты елемей кеткен қазақ емес па? Қашан бұл қазақ тірісінде арысын қолдап, қорғап еді» деп қолдау білдірген.

Skifnews.kz




Көрілген: 1656    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.10.2020, 01:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30