Өркениет

"Жүрегімнің тілінгені рас": Мырзахан Махан әйелімен айырылысқаны туралы

  • "Жүрегімнің тілінгені рас": Мырзахан Махан әйелімен айырылысқаны туралы

Жеке өмірін көпке айта бермейтін, айтқысы да келмейтін әншілердің бірі "Жігіттер" квартетінің солисі - Мырзахан Махан. Осыдан 5-6 жыл бұрын шаңырақ көтерген әнші қазір әйелімен бірге ме? Бұл туралы "Талантым-тағдырым" бағдарламасында берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Халықтың алдында жүрген соң әншілердің жеке өмірі қашан да қызығушылық тудыратыны сөзсіз. Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко Мырзаханнан қазір әйеліңізбен біргесіз бе деп сұрағанда:  

 
"Басымнан сол оқиғаны толық өткермейінше әлі айта алмаймын. Бір-ақ ауыз сөзбен сізге түсінікті болсын деп айтайын. Жүрегімнің тілінгені рас. Болды",  - деп күрсінген әншіден ол сезім әлі де бар ма сұрағанда:

"Жүрегіңе түскен дақ адамның көзі жұмылмайынша сол бойы тұра береді. Бұған дейін де қалып қойған дақтар бар. Әр адамның ішінде Құдайдың көрсеткен дағы бар. Мәңгілікке дақ болып қалады", - деген әнші көңілге түскен дақтың кетпейтінін айтады. 

"Дақ кетпейді. Жақында инстаграмды ақтарып отырып, Торғайлық ақын - Саят Әбеновтың өлеңіне көзім түсті: 

Бұл өмірдің таусыла ма ғажабы,

Ғажабымен қатар тұрар азабы,

Біреу сенің жан жүрегіңді жаралап,

Біреу сенің жан жараңды жазады", - деп әнші өзіне ерекше ұнаған өлең жолдарын оқып берді. 

Осы сөзге ән жаздырып, бейнебаян түсіріп үлгерген әнші жақын күндері жарыққа шығатынын, сюжет желісіне өз өмірі арқау болатынын айтты. 




Көрілген: 8451    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.09.2020, 23:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31