"Жүрегіңмен жақсы көретін жандармен бірге бол": Ерке Есмахан Қайрат Нұртасқа ерекше тілек айтты

03 наурыз 2022, 09:58

Мальдив аралдарына барып, Қайрат Нұртасқа тосын-сый жасаған Ерке Есмахан бұл жолы оған ерекше тілегін жеткізді. Ол Қайраттың "өзі жақсы көретін жандармен бірге болуын" тіледі, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ерке Мальдивте Қайратпен бірге түскен естелік суретімен бөлісті. Ол жаққа өз қалауымен барғанын атап өтті. 

"Мен тек өз қалауыммен жүретін адам екеніме көзім жетті! Өз еркелігімді өзім көтере аламын! Көңілімнің қошы Мальдив аралдарына барғысы келді, бардым! Алла сәтін салды, шүкір!" - деді Ерке. 

Сондай-ақ, әнші бұл сапарына себепкер болған әріптесін құттықтап, оған деген ақжарма тілегін жеткізді. 
"Әрине себепкер - досым Қайрат Нұртас! Туған күніңмен! Денің сау болсын! Абыройың асқақтай берсін! Ата-анаң, бауырларың, отбасың, жанашыр жандарың аман болсын! Сен халықтың жүрегінен орын алған әншісің! Осы кезеңнен сүрінбей өтіп, жүрегіңмен жақсы көретін жандармен бірге бол! Бақытты бол! Сыйластығымыз ортаймасын!" - деп түйіндеді сөзін Есмахан.