Өркениет

"Жүректі ауырттың": Мұсағалиев жариялаған видео желіде қызу талқыланып жатыр

  • © Photo : Comedy Club Production

    © Photo : Comedy Club Production

Ресейлік актер әрі сықақшы "Сборная Камызякского края" КТК командасының капитаны Азамат Мұсағалиев қазақ тілінде кезекті әнін шырқады.

 

Өз орындауынағы әнді ол Instagram-дағы парақшасында жариялады.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/tv/CCtzNScITZ3/

 

"Бұл әрине, Дос-Мұқасан емес. Ерке Есмахан да емес. Бұл мен – Азамат", – деп жазған Мұсағалиев өзін қазақстандық орындаушылармен салыстырып әзілдеген.

 

Айта кетейік, Ресейдің Астрахан облысында туған Мұсағалиев этникалық қазақ. Ал Азаматтың ана тілінде ән орындау шеберлігін жазылушылары жоғары бағалаған.

 

"Ана тіліңде көбірек ән айт, дауысың әдемі", "Жүректі ауырттың" деп жазды желі қолданушылары.

 

Ал енді бірі: "Өте жақсы, жүректен шыққан. Рахмет, Азамат" десе, тағы бірі: "Мен сіз қазақша білмейді екен деп ойладым. Әнің жақсы шықты" деп таңданысын жасырмады.

 

Бұл Азамат Мұсағалиевтің әнді қазақ тілінде алғаш орындауы емес. Ол 2019 жылдың қарашасында қазақстандық КТК ойыншысы Данияр Жұмәділовпен бірге қазақ тілінде лирикалық композиция орындаған видеосын Instagram парақшасында жариялады.

 

sputniknews.kz

 




Көрілген: 287    Пікірлер: 0

жұма, 17.07.2020, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30