Өркениет

"Жүз мыңнан аса ақшам күйіп кетті": Әншілерден алданған электриктің жанайқайы

  • https://kaz.nur.kz/

    https://kaz.nur.kz/

Ернар Айдардың қатысуымен өткен лотерея ойынынан кейін әншілерден алданған халық жапа-тармағай көмек сұрай бастады. Олардың көпшілігі ірі көлемде ақша салып, жұлдыздар уәде еткен пәтер мен басқа да құнды сыйлықтарды ұтып алғысы келген. Алайда, лотерея ұйымдастырушылардың алаяқтыққа қатысы бары анықталған соң алданған халық әншілерге сенбеуге шақырды. Солардың бірі – Бақытжан Нұрлыбаев. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген ол талай рет аузы күйгенін айтады.

 

Бақытжан – қарапайым электрик. Instagram желісі арқылы ол бірнеше рет танымал әншілер ұйымдастырған лотереяға қатысып, еш нәрсе ұтып көрмеген. "Бүгінге дейін 110 мың теңгемді лотереяға сарп етіппін. Ернар Айдар, Айнұр Тұрсынбаева, Нұрлан Еспанов, Ақбота Керімбекова ұйымдастырған ұтыс ойындарына қатысып, түк те ұтқан жоқпын. Негізі, билет алған сайын бірнәрсе бұйырып қалатын шығар деген үміт басым болатын. Бірақ жеңімпазды анықтайтын кезде үнемі күдіктенемін. Әншілер кімге не беретінін алдын ала дайындайтын сияқты. Мүмкін, таныстарына беретін шығар", - дейді ол.

 

Электриктің айтуынша, жағдайы төмен халық әншілердің бақуатты өміріне қызығып, тезірек байығысы келгендіктен осындай қадамға барады.

 

"Әншілер де ақымақ емес. Олар лотерея ұйымдастырушылардан миллиондаған ақша алады. Халықтың жағдайы төмен екенін, оңай дүниеге тез алданатынын біледі. Сол себепті, өз қалталарын одан сайын қампайтуды көздейді. Бірнеше рет опық жеген адам ретінде баршаңызды әншілерге, олар ұйымдастыратын лотереяға сенбеуге шақырамын. Одан да сол қаржыны отбасыңызға жұмсаңыз. Әншілердің жағдайы онсыз да жақсы", - дейді ол.

 




Көрілген: 2764    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.05.2020, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30